Page 23 - indexf
P. 23

1.3. Басқару жүйесін жіктеу

    Алдыңғы параграфта, құрылудың ұйымдастырылу белгілері
бойынша жіктелген АБЖ классификациясы қарастырылған. АБЖ
көптеген басқа да белгілер арқылы классификацияланады. Төменде
бірнеше көп таралған белгілері арқылы АБЖ классификациясы
келтірілген. Мысалға, АБЖ беруші әсерінің өзгеріс сипаты бо-
йынша мынандай жүйелерге бөлінеді: бағдарламалық басқару, тұ-
рақтандырушы және қадағалаушы.

    БН басқару сигналы g басқарудың барлық уақыт аралығында
белгілі уақыттың функциясы (бағдарлама) болған кезде басқару жү-
йесін бағдарламалық басқару жүйесі деп атайды. Бағдарламалық
АБЖ мысалы болып робот ұстағышының позиционды басқару жү-
йесі, бағдарламалы станоктарды басқару жүйесі және т.б. болып
табылады.

    Басқарылатын шама y=const болатын басқару жүйесін тұрақ-
тандырушы жүйесі деп атайды. Осы жүйеде басқарылатын ша-
маның қажетті мәнін тұрақтандыру, қоздыру сигналының әсерін
тез төмендету немесе толығымен жою арқылы жүзеге асырылады.
Тұрақтандырушы жүйенің мысалы ретінде кернеуді, жиілікті, жыл-
дамдықты тұрақтаушы жүйелер болуы мүмкін.

    Алдын ала беруші әсерлері белгісіз жағдайда оны бақылайтын
басқарушы шамаларды калыптастыратын жүйені қадағалаушы жү-
йе деп атайды. Қадағалаушы жүйеде келіссіздік құрылғысы бар, ол
шығыс шамалардың нақты және берілген мәндері арасындағы айы-
рымды анықтайды және басқарушы шамаларды калыптастыруға
септігін тигізеді. Қадағалаушы жүйесінің мысалы ретінде ұшатын
және ғарыштық аппараттарды бақылау жүйесі, бағдарламалық бас-
қарылатын металл кескіш станоктардың кейбір жетектерінің басқа-
ру жүйелерін келтіруге болады.

    Осы келтірілген үш жүйенің ерекшелігі ол кіріс әсерінің әртүр-
лі заңдылық өзгерісі кезінде шығыс шамаларын берілген деңгейде
ұстап тұратындығы, сондықтан оларды автоматты реттеу жүйесіне
жатқызады.

    АБЖ элементтерінің кіріс және шығысында ақпаратты тасушы-
лар ретінде сигналдар болады. Егер ақпарат үздіксіз сигналдарман
кодталса, онда АБЖ сигнал түрі бойынша үздіксіз болады. Егер

⇐ МАЗМҰНЫ  23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28