Page 24 - indexf
P. 24

сигнал дискретті түрде өзгерсе, онда жүйе дискретті деп аталады.
Дискретті жүйелер өз алдына релелі, импульсті және сандық болып
бөлінеді. Релелі (релелі-контактылы) АБЖ басқарушы әсер релелі
элементтердің көмегімен қалыптасады. Егер ақпарат қандайда бір
импульстің көрсеткіштерімен (амплитуда, фаза, жиілік) кодталса,
онда АБЖ импульсті жүйеге жатады. Сандық басқару жүйелерінде
басқару үшін компьютер қолданылады, сигналдар сандық кодтарда
көрсетіледі.

    Шығыс сигналдың жүктемеге тәуелділігінің сипаты бойынша
АБЖ статикалық және астатикалық жүйелерге бөлінеді. АБЖ ста-
тикалық болса онда орнықты режимінде басқару шамасы жүкте-
меден тәуелді шығыс көрсеткішінің ауытқуына байланысты бо-
лады. Статикалық дәлдік немесе жүйенің тұрақтылығы статизм
шамасымен сипатталады. Астатикалық жүйелерде басқарушы әсер
кейбір орнықты мәніне ұмтылғанда шығыс көрсеткіштерінің қажет-
ті мәннен ауытқуы нөлге ұмтылады. Осы жағдайда АБЖ қателіктің
беріліс функциясының нөлдік ретіне байланысты астатизмнің 1-ші
немесе 2-ші ретімен сипатталынады.

    АБЖ оны сипаттайтын дифференциалдық теңдеулердің түріне
байланысты сызықты және бейсызықты АБЖ деп бөлінеді. Сызықты
дифференциалды теңдеумен бейнеленетін басқару жүйесі сызықты
болып келеді. Сызықты жүйелер үшін суперпозиция әдісін қолдану
сипатты, бұл кезде кіріс әсерлердің кез келген комбинациясына
жүйе реакциясының әр қайсысы жеке алынған әсер үшін реакция
қосындысы ретінде қарастыруға болады.

    Көптеген нақты жүйелерді сызықты дифференциалдық теңдеу-
лер арқылы бейнелеуге болады, осының арқасында автоматты бас-
қарудың сызықты жүйелер теориясы кеңінен дамыды.

    Бірақ көптеген АБЖ бейсызықты немесе кем дегенде құрамын-
да бір бейсызықты элементі бар болады. Бұл жүйелер бейсызықты
дифференциалдық теңдеулермен бейнеленеді. Бейсызықты жүйе-
лерді зерттеудің қиындығы бейсызықты дифференциалдық теңдеу-
лердің жалпы шешімінің жоқтығының салдарынан болып тұр. Осы-
ған байланысты бейсызықты жүйелерге анықталған мүмкіндіктерде
сызықтау тәсілдері қолданылады, яғни бейсызықты теңдеуді жақын
дифференциалдық сызықты теңдеулермен алмастыру.

⇐ МАЗМҰНЫ  24
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29