Page 18 - indexf
P. 18

синтездеу жүргізіледі. АБЖ синтездеу кезінде қажетті күй өзге-
рісін алу үшін элементтерді және солардың арасындағы себеп
салдар байланыстарын таңдау жүргізіледі. Осындай мақсатпен
тиімді және интеллектуалды технологиялар қолданылады. Қазіргі
танда өзіндік жоғары деңгейлі ұйымдасатын, тиімді және оңай
бейімделетін қасиеттерге ие АБЖ құрастырылуда.

1.2. Басқару мен реттеудің негізгі принциптері

    Қазіргі кезде «Басқару» ұғымы «Ақпарат» ұғымымен тығыз
байланысқан. Физикалық үрдістердің көрсеткіштері, әсерлер сиг-
налдары ақпараттан тұрады. Мысалы, радиотехникада электрлік
сигналдар көмегімен дыбыстар, ал теледидарда бейне беріледі.
Ақпараттан тұратын көрсеткіштерді ақпараттық деп атайды. Ақпа-
рат деп басқа жүйеге (элементке) қатынас түрінде берілген жүйе
(элемент) туралы мәліметтер, берілгендер жиынтығын айтуға бола-
ды. Осылайша, сигнал ретінде электрлік кернеу болса, ақпараттық
көрсеткіші ретінде осы сигналдың амплитудасы болады. Басқару
кезіндегі ақпараттық ағын келесі мәліметтердің таратушысы болып
табылады, онсыз басқару мүмкін емес:

    •• Басқару мақсаттары;
    •• Қоршаған ортаның қозуы;
    •• Басқару нысанының күйі;
    •• Нысан сипаттамалары.
    Ақпараттың орын ауысу үрдісі коммуникация деп аталынады.
Ақпаратты беруді, орын ауысуын, қабылдауды қамтамасыз ететін
техникалық құралдар коммуникация жүйесін құрайды.
    Басқарудың алдындағы мәселе – қойылған мақсатқа жету үшін
БН ағымдағы күйін немесе ішіндегі үрдістерін сәйкес шара қолда-
на отырып өзгерту болып табылады. БН көптүрлілігіне қарамастан
АБЖ құрылымы жалпы белгілі принциптерге негізделеді.

    Ақпараттың толықтылығына және сипатына қатысты басқару-
дың келесі принциптері іске асырылады:

    •• тұйықталмаған басқару принципі;
    •• компенсация принципі – қоздырумен басқару;

⇐ МАЗМҰНЫ  18
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23