Page 17 - indexf
P. 17

а) б)
           1.4-сурет. Орнықтылыққа мысалдар

    Қоздыруды алып тастаған жағдайда нысанның бастапқы кү-
йіне ұмтылатын күй қасиеті – орнықтылық деп аталады.

    Кейбір нысандар орнықты режимде жұмыс істейді, бірақ кей
жағдайда қоздыру әсерлері олардың ретсіз өзгеретін күйлерін
тудырады. Мысалға, автоұшқышпен басқарылатын ұшақ әуе
шұңқырына тап болады делік. Сыртқы ортаның барометрлік
қысымның өзгеруінен ұшу режимі өзгереді. Осындай жағдай
үшін ұшақтың автоматты басқару жүйесінде осы қоздырудың
орнын басуға арналған техникалық құралдар болады. Олардың
мақсаты қоздыруға қарсы әсер ету және жалпы нысанның ин-
варианттылығын қамтамасыз ету болып табылады. Нысанның
күйін қоздырушы факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз ететін
құбылыстың қасиетін инварианттық деп атайды. Әдетте нақты
АБЖ қозу кенеттен өзгерген кезде белгісіздік шартында жұмыс
істей береді. Мұндай жағдайда АБЖ робастылы болуы тиіс, яғни
кенеттен болатын қозуларға төзімді әрі орнықтылығын жо-
ғалтпауы керек.

    Енді АБЖ талдау есебін толық түрде тұжырымдауға болады.
Дәлірек айтсақ, АБЖ талдау элементтердің сипаттамаларына
және солардың арасындағы себеп-салдарына қатысты жүйенің
күйінің өзгеріс заңдылықтарын, сонымен қатар күй қасиетінің мөл-
шерін бағалауды анықтайды. Автоматты басқару теориясының
(АБТ) бір құрастырушы бөлігі автоматты реттеу теориясы (АРТ)
болып табылады, мұнда автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) есеп-
теу, жобалау және зерттеу тәсілдері, техникалық үрдістердің ав-
томатты реттеу принциптері қарастырылады.

    Көптеген жағдайларда талдау нәтижелері бойынша АБЖ

⇐ МАЗМҰНЫ  17
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22