Page 20 - indexf
P. 20

Бірақ көп жағдайларда қоздыру әсері жөніндегі толық мәлімет
белгісіз болып келеді. Бұл жерде қоздыруды ескеру үшін, өлшеу
жүйесінен (датчиктен) алынатын басқарылатын айнымалының
у ауытқуы туралы мәліметтер пайдаланылады. Ол үшін басқару
жүйесі кері байланыс принципімен құрылады (1.7-сурет).

БСҚ             СҚ     ҚҚ             f
  БҚ       uy uc           u БН

                   uu

                       ӨЖ

                1.7-сурет. Кері байланысты басқару жүйесі

    Мұнда өлшеу жүйесінде (ӨЖ) шығыс у айнымалысының
нақты мәнінің ауытқуына қатысты қосымша басқарушы әсер uu
қалыптасады. 1.7-суретте теріс кері байланысты БЖ (көп қол-
данысқа ие болған) көрсетілген. Мұнда салыстыру құрылғысымен
анықталған ауытқу – uc салыстырушы құрылғының кірісі болатын
сигналдардың айырымымен анықталынады, яғни uc= uу – uи. Кей
кезде, керісінше, оң кері байланысты БЖ қолданылады, оның
ауытқуы мынадай uc= uу + uи.

    Ауытқу бойынша басқару, яғни кері байланыс принципі тәжі-
рибеде кең таралған. Ол шығыс шамалардың өзгерістерінің қажет-
ті заңдылығын аз ауытқумен және қозу f сигналдарының әсерін
өзгеріссіз әлсіздетеді.

    БЖ күйін өзгеріске әкелетін әсерді өлшеуге болатын болса, онда
осы мүмкіндік кері байланысты БЖ дәлдеп реттеу үшін қолданыла-
ды, яғни аралас басқару принципі арқылы жүзеге асырылады. Ара-
лас басқару принципі өзіне ауытқу және қозу бойынша басқару

⇐ МАЗМҰНЫ              20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25