Page 52 - indexf
P. 52

3-тарау. АБЖ ЖҰМЫС ЖАСАУЫН БАҒАЛАУ

                  3.1. Статикалық қасиеттерді бағалау

    АБЖ үрдістері өтпелі үрдіс және орнықтылық үрдісі болып
бөлінеді. Өтпелі үрдіс – бұл АБЖ уақыт өте келе бір күйден екін-
ші күйге өтуімен, ал орнықтылық үрдісі АБЖ жұмыс шарты және
сыртқы әсерлер уақытымен сипатталады.

    АБЖ болып жатқан үрдістер тәуелділігімен АБЖ және оның
элементтерінің жұмыс жасауының екі режимі анықталады: стати-
калық және динамикалық.

    Өтпелі үрдіске АБЖ және оның жұмыс істеуінің динамикалық
режимі сәйкес келеді. Бұл режимге АБЖ көп уақыт бөлінеді.
Динамикалық режимде АБЖ және оның элементтерінің мөлшері
уақыт бойынша өзгереді. Жоғарыда динамикалық режимде диффе-
ренциалдық n-ші теңдеуі түріндегі (2.1) немесе күй теңдеуі (2.17,
2.18) түріндегі АБЖ математикалық моделі келтірілген.

    Керісінше, АБЖ орнықтылық үрдісіне уақыт бойынша өзгер-
мейтін АБЖ күйін сипаттайтын көлем кезіндегі жұмыс істеудің
статикалық режимі сәйкес келеді. АБЖ статикалық (орнықтылық)
режимінде бағалау үшін басқарудың дәлдігі деп аталатын көрсет-
кіш қолданылады. Бұл көрсеткіш АБЖ статикалық сипаттамасын-
да анықталады. АБЖ статикалық сипаттамасы тұрақты қозу кезінде
u0 – кіріс параметрінен y0 – шығыс параметрінің орнықтылық мәніне
тәуелділігін немесе кіріс параметрі тұрақты болған кезде f – қозуы-
нан орнықты режимде y0 – шығыс параметрі тәуелділігін ұсынады.

АБЖ статикалық теңдеуі F ( y0 ,u0 ) f =const = 0 немесе мына түрде
G( y0 , f )u=const = 0 болады. Жалпы жағдайда теңдеу бейсызықты бо-
луы мүмкін. Элементтердің статикалық сипаттамаларын немесе АБЖ
екінші теңдік бойынша құрылған элементтерді түгелдей қарастыра-
мыз (3.1-сурет).

    Егер жүйедегі қателіктің орнықты мәндері f әсердің орнықты
мәндеріне тәуелді болса, онда жүйені статикалық (3.1 а-сурет), ал
егер тәуелді болмаса, онда астатикалық (3.1 б-сурет) деп атайды.

⇐ МАЗМҰНЫ  52
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57