Page 54 - indexf
P. 54

Жүйенің салыстырмалы статикалық қателігі немесе статизмі
мынаған тең:

           =S  =y02 − y01 2∆ymax .
                  y0n y0n

    Сондай-ақ, статизмді статизм коэффицентімен χ сипаттауға бо-
лады, ол статикалық сипаттаманың көлбеу бұрышының тангенсіне
χ = tgγ тең (3.1 а-сурет).

    Орнықты режимдегі АБЖ тиімділігін автоматтандырылма-ған
басқару нысанның (реттегішсіз) абсолютті статикалық қате-лігінің
автоматты жүйесінің абсолютті статикалық қателігіне қатынасына
тең дәлдік дәрежесімен бағалайды.

    Кейбір жағдайларда статикалық қателік қажет емес, ол кездерде
жүйе астатикалық реттегішке өтеді немесе қоздырудың орнын тол-
тыратын әсерлерді енгізеді.

    Астатикалық реттегіш үшін кіріс және шығыс параметрлер ара-
сында байланысты жою қажет, бұл үшін, мысалы, келесі тарауда көр-
сетілетін интегралдаушы буын сипатында таңдалуы мүмкін болатын
астатикалық буын жүргізіледі (4.4-тарау).

    Астатикалық жүйе үшін статикалық қателіктің абсолютті мәні
және статизм коэффициенті нөлге тең, ал дәлдік дәрежесі шексіздік.

3.2. Жүйенің динамикалық қасиетін бағалау

    АБЖ жұмыс жасау кезінде АБЖ және элементтердегі динами-
калық үрдістер орнықты және өтпелі болып бөлінеді. 3.2-суретте
басқарылатын қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығы өзгерісінің
диаграммасы көрсетілген. Қозғалтқышты қосқаннан кейін өтпелі
үрдіс бақыланады, бұл графикалық түрде екпін алу алу қисығы
ретінде көрсетіледі. Диаграммада көрсетілгендей t P – екпін алу
уақытының қандай да бір уақыт аралығында қозғалтқыштың бұ-
рыштық жылдамдығы екпін алу қисығы бойынша өзгере отырып

ωU – орнықты мәнге жетеді. Содан кейін орнықты үрдіс байқалады,
ол жүйенің жұмыс жасауының басқа да шарттарымен және тұрақты
сыртқы әсерлерімен сипатталады. Динамикалық режимде өтпелі
үрдістің сапасы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

⇐ МАЗМҰНЫ      54
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59