Page 55 - indexf
P. 55

•• бірінші келісу уақыты t1 – яғни, алғашқы бұрыштық ωU жыл-
дамдыққа жеткен уақытымен;

    •• қайта реттеумен – d0, %;
    •• өтпелі үрдістің уақытымен tP .
    Жалпы алғанда, АБЖ және оның элементтерінің динамикалық
режимдегі жұмысын бағалау кезінде өтпелі үрдісте сапа сипаттама-
ларын, ал орнықты режимде орнықтылық өлшемдерін қолданады.
Жоғарыда айтылғандай, орнықтылық – ол орнықты күйде қандай да
бір әсер арқылы басқа күйге өзгергеннен кейін өзінің күйіне қайта
келу қабілеттілігі.

               ω

               ωu δ0

                      t1 tP             t
           3.2-сурет. Екпін алу қисығы

    Басқару үрдісінің сапасы басқару үрдісі қажеттіге қаншалықты
жақын екенімен сипатталады. Сандық түрде ол басқару мақсатына
сәйкес анықталатын сапа өлшемдерімен анықталады. Келтірілген
мысалда үрдіс сапасы орнықты режимдегі үрдістің тербелісімен,
берілген мәннен бұрыштық жылдамдықтың ауытқуымен және тағы
басқаларымен анықталады. Автоматикалық жүйенің динамикалық
қасиетін бағалау үшін жоғарыда көрсетілген аналитикалық си-
паттамаларды қолданамыз. Осыдан алынған шешімдер және қо-
рытындылар әртүрлі түрдегі кіріс әсерлерден басқаша болады.
Сондықтан, бірінші кірістік әсерлердің қандай түрін таңдау керек
екендігін шешу керек.

    Біріншіден, әсер жүйенің жұмысының оны пайдалану кезінде
кездесетін ауыр режиміне сәйкес келу керек. Екіншіден ол барынша
қарапайым болуы керек, яғни шешімді қиындатпауы тиіс. Осы шарт-
тармен екі түрдегі әсерлер қанағаттанады: бірлік секіріс функция-
сы (бірлік секіру) және бірлік импульсі. АБЖ және элементтерінің

⇐ МАЗМҰНЫ  55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60