Page 107 - index Bapaeva
P. 107

Баланың осындай іскерлікті үйренуі, дамуы, баланың кейінгі өмірі
үшін де аса маңызды, өйткені дәл осы аумақта алғашқы ұстазына
деген ерекше ықыласы қалыптаса бастайды.

    Әрине, қарым-қатынаста қиындықтарды кешірген балаларға
қалай көмектесуге болады деген сұрақтың туындауы орынды.
Медицинада «симптоматикалық» және «каузалді емдеу» түрлері
кездеседі. Бірінші жағдайда дәрігер аурудың симптомдары-
на ықпал етсе, екіншісінде, дәрігердің қуаты аурудың себебін
анықтап, оған ықпал ету арқылы сауықтыруға жұмсалады.
Симптоматикалық емдеудің тиімділігі төмендеу әрі бұл әдісті
аурудың себебі белгісіз болғанда қолданады.

    Тәрбиедегі жағдай да сол тектес. Күш-қуатымызды мінездің
жекелеген бітістерін қайта тәрбиелеуге, не болмаса бала кешірген
қиындықтардың түп-тамырын анықтау әрекетіне бағыттауға бола-
ды. Бұл – күрделілігі едәуір жоғары екінші жол. Ол балаға, оның
тілектеріне, іскерліктеріне, мазасыздануларына деген ерекше на-
зарды талап етеді және де ересектердің (педагогтар мен ата-ана-
лардан) тарапынан тәрбие, ішкі мәдениет пен әдеп мәселерінде
нақты дайындықты талап етеді. Бұл жол баланың қалыптасу
үстіндегі тұлғасына ықпал ететіндіктен тиімділігі едәуір жоғары.

    Көп жылдық психологиялық және педагогикалық бақылау:
мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың психологиялық
жайсыздығының негізгі бастауы қарым-қатынас аумағының
дамуындағы жайсыздықтан туындайтындығын көрсетті. Мұндағы
педагогтың міндеті – қарым-қатынастың мазмұны мен сипаты
психикалық дамудың деңгейі мен мүмкіншіліктеріне не нәрседе
сәйкес келмейтіндігін анықтау, қарым-қатынастың баланың жа-
сына сай дамуын реттеу, эмоциялық жағымды негіз қалыптастыру.
Дәл осы жайт каузалды емдеудің, яғни психикалық дамудағы
ауытқуларды емдеудің мәні, мінез-құлықты түзетудің негізі бола-
ды. Егер педагог бала қарым-қатынасының күрделі табиғатының
мәнін, оның көп түрлілігін түсіне алса ғана жағымды эффект туа-
ды. Мәселен, қарым-қатынастың аса маңызды жағы – ересектен
жеткен ақпарат. Оның қаншалықты қызық, жаңа, әрі баланың
танымдық деңгейіне сай келуі қатынастың дамытушы әсерін
анықтайды.

    Серіктестердің арасындағы өзара қатынастар қарым-
қатынастың маңызды қыры деп саналады. Бала мен педагог

                                    107

⇐ МАЗМҰНЫ
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112