Page 108 - index Bapaeva
P. 108

бір-біріне қызықты әрі тең құқылы серіктес болуы мүмкін. Кей-
де, ересек кішкентай серіктесінің бастамасына қысым көрсетіп,
қарым-қатынаста бұйрықшылдық байқатуы немесе бала қарым-
қатынас қалпы мен мазмұнын ұйғарып, педагогқа бағынышты
рөлді жүктеуі әбден мүмкін. Барлық аталған жағдайда бір ғана
ақпарат әртүрлі меңгеріліп, оның тәрбиелік мәні әрқилы болады.

    Қарым-қатынасты жүзеге асыру құралдары, коммуникативті
іс-әрекеттің эмоциялы және интеллектілі компоненттерінің ди-
намикасы, коммуникативті қатынастардың тереңдігі мен кеңдігі
тұрғысында оның сипаттауға болатын басқа да маңыздылығы
еш кем түспейтін күрделі қырлары да бар. Сондықтан, қарым-
қатынасты реттеу қажеттігі туындағанда, оның барлық
аспектілерін тұтастыққа сәйкестендіру, үйлестіру, біріктіру және
баланың қалыптасу барысындағы тұлғасының алдында туындаған
өмірлік міндеттерді шешу қызметіне лйықты болу талабын шешуі
тиіс.

    Мектеп жасына дейінгі зерттеулерге сәйкес балалардың ере-
сектермен (педагогтармен және ата-аналармен) қарым-қатынасы
үш кезеңде дамып, жүзеге асырылады:

    – екі-үш жас шамасында негізінен ойыншықты беру немесе
тартып алу, ашу немесе іске қосу, құрастыру немесе бөлшектеу
әрекеттері арқылы ойыншықтармен қатынастарының негізінде
сипатталады. Осы тектес қарым-қатынас едәуір епті, өнертапқыш
серіктес ретінде ересекпен ынтымақтастықтың барысында
біріккен іс-әрекеттегі балалық қажеттіліктерді қанағаттандырады;

    – төрт-бес жастағы танымдық ақпарат бала мен ересектің:
«неге?», «не үшін?» деген коммуникативті өзара әрекеттестігіне
негіз болады;

    – алты-жеті жаста балалардың айналасындағы адамдарға,
өзінің және құрдастарының тұлғасына қызығушылығы оя-
нады. Дәл осы жас шамасында қарым-қатынастың едәуір
жоғары мазмұнымен жүзеге асатын өз тұлғасын сыйластықпен
қабылдау, өзара түсіну қажеттілігі дамиды. Басқаша айтқанда,
мектепке дейінгі балалық шақта ересектермен коммуникативті
байланыстардың мазмұны практикалық байланыстардан
танымдық байланыстарға, одан тұлғалық ақпаратқа да алмасады.

    Егер мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқы сізді
алаңдатып, сізге оның психологиялық жайсыздығының

                                    108

⇐ МАЗМҰНЫ
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113