Page 109 - index Bapaeva
P. 109

себебін анықтау қажеттігі туындаса, онда оның қарым-қатынас
тәжірибесінің даму ерекшеліктеріне көз салыңыз. Оның педа-
гогпен коммуникативті қатынасының мазмұны қандай? Оның
қарым-қатынастағы ақпараттық қалауы қандай? Ол танымдық
тәжірибесін қалай толықтырады?

    Кеңестік психологияда адамның тұлға ретінде анықталуының
тектік қабілеті биологиялық белгіленбей, керісінше, әр адамның
әлеуметтік-тарихи қатынастарымен шартталатындығы жайлы те-
зис қалыптасқан.

    Бала дүниеге шыр етіп келгенде, көп ұзамай оның болашақ
тұлғасының қалыптасуына маңызды оқиғалар орын ала бастайды.
Өмір, баланың ішкі әрі сыртқы іс-әрекеттерінің дамуы тікелей
бала психикасының дамуына негіз болады.

    Бала психикасының дамуы турасында А. Н. Леонтьевтің
жетекші іс-әрекет жайлы ілімінің маңызы ерекше. Әрбір жас
кезеңінде жетекші іс-әрекет механизмінің тұлғаға ықпалы қандай?

    Балалар психологиясында, ерте балалық шақтың соңына
қарай баланың ересекпен біріккен іс-әрекетінің ыдырайтыны
белгілі. Ол өз іс-әрекетін және өзін ересектен бөле бастайды.
Соңғысының қызметтері мен қатынастары баламен ерекше ны-
сан ретінде қарастырылады. Ерте балалық шақта бала ересектің
рөлін, ықпалын, өз-өзін түсіне алмайды. Сондықтан мінез-құлық
ережелері де қалыптаспайды, тек ересек адам орталық үзбелі
ретінде анықталатын және бала жағдайдың талаптарын орындау-
мен шектелетін қарым-қатынастың нақты жағдайы мен біріккен
іс-әрекет орын алады. Тіл алу, «істейін, не істемейін» деген
ой, мотивтердің күресі болмайтын проблема да туындамайды.
Бала, жағдай мен әрекет арасында аралық жеке-мотивациялық
үзбелілерсіз тікелей әрекет етеді.

    Ерте және мектепке дейінгі жас аралығында жағдай түбегейлі
өзгереді. Біріккен іс-әрекеттің ыдырауы, өз бетінше әрекет етуге
деген дербес тілектер мен бетбұрыстардың пайда болуы, баланың
ересекті үлгі ретінде қабылдауына ұласады: мектеп жасына
дейінгі баланың алғаш рет ересек сияқты әрекет ету мүмкіндігі
пайда болып, ол өзін «ересек сияқты» ұстай бастайды.

    А. Н. Леонтьев А. В. Запорожецтің (Т. О. Гиневскийдің,
З. М. Истоминаның, З. В. Мануйленконың, Я. З. Неверовичтың,
Н. Г. Морозованың, Л. С. Славинаның, Д. Б. Элькониннің),

                                    109

⇐ МАЗМҰНЫ
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114