Page 111 - index Bapaeva
P. 111

қатынаста болады. Адамдар тілін меңгермеген, дербес өмірлік
тәжірбиесі жоқ бала нақты жағдаятпен шектелгендей әсер туа-
ды. Оның ересекпен қарым-қатынасының түрлері сол жағдаймен
шектеліп, таза жағдаяттық екендігі түсінікті. Өйткені нәресте
ересекпен нақты жағдайда ұсынылған объектілер мен оқиғалар
арқылы көріп, ұстап, зерттеп көрген заттар мен құбылыстардың
есебінен қатынаса алады. Осындай нақты жағдайдың мәнді екі
аумағы – ересекті және оны қоршаған ортаны ажыратуға болады.
Сәйкесінше, қарым-қатынастың екі жағдаяттық қалпы:

    – жағдаяттық-жеке және
    – жағдаяттық-іскер түрлерін ажыратуға болады.
    Жағдаяттық-жеке қарым-қатынас – оның алғашқы әрі едәуір
ерте формасы. Ол бала өмірінің алғашқы айларында, ересекке
бағытталған алғашқы жымиысынан бастау алады. Жағдаяттық-
жеке қарым-қатынас – ересек пен баланың жағымды эмоциялар-
мен алмасуы.
     Өмірінің алғашқы жылында-ақ баланың ересектермен қарым-
қатынастары әртүрлі заттармен жанамалана бастайды. Заттарды
қолдану, оның біртіндеп күрделенуі қарым-қатынастың іскер фор-
масы – жағдаяттық-іскер түрін қалыптастыратын бүлдіршін мен
ересектің біріккен заттық іс-әрекетінің пайда болуына ұласады.
Оның бала өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында
жүзеге асу себебі – күліп, мейірбандық танытумен шектелетін
ересектерді қабылдамауында. Бұл жаста оларға әлденені ұстап
көру, қозғау, қайта жасау маңыздырақ, яғни олардың ересекпен
бірлескен заттық іс-әрекет қажеттігі туындайды.
    Осы кезеңдегі қарым-қатынастың жағдаяттылығы, ең ал-
дымен заттар арқылы анықталады. Алайда, қарым-қатынастың
жағдаяттық-іскер формасының шеңберінде баланың алғашқы
сөздерінің қалыптасуына қажет жағдайлар орын алады. Дәл
осы жәйт қарым-қатынастың жағдаяттан тыс түрлеріне көшу
даярлығын білдіреді.
    Бала сөйлеу тілін меңгергенімен, жағдаяттық қарым-қатынас
деңгейінде тұрақтап қалады. Оның сөздері көзінің айналасындағы
оқиғалар мен құбылыстарға қатысты болып, тап сол сәттегі
кезіндегі тілектерін, әрекеттерін сипаттайды. Тек сәл кейінірек (үш
жас шамасына таяу) бала қарым-қатынас жүзеге асқан жағдайдың
шеңберінен тыс, таза практикалық серіктестікке негізделген

                                    111

⇐ МАЗМҰНЫ
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116