Page 110 - index Bapaeva
P. 110

басшылығымен орындалған көптеген зерттеулердің нәтижелерін
жалпылай келе мектепке дейінгі шақ – тұлғаның бастапқы
қалыптасу кезеңі, мінез-құлықтың тұлғалық «механизмдерінің»
даму кезеңі деген қорытындыға келеді. Бала дамуының мектеп жа-
сына дейінгі кезеңде тұлғасының алғашқы түйіндері қалыптасып,
іс-әрекеттің, субъектінің жоғары бірлігі – тұлға тұтастығын
құрайтын алғашқы байланыстары мен қатынастары орнай-
ды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалық шақ тұлғаның
психологиялық механизмдерінің қалыптасу кезеңі болғандықтан,
оның маңызды зор.

    А. Н. Леонтьев тұлғаның қалыптасуын мектеп жасына
дейінгі жас шамасында пайда болып, оның барысында дамитын
құбылыс – мотивтердің бағыныштылығымен байланыстырады.
Осы мәселеге қатысты және мектеп жасына дейінгі баланың іс-
әрекетін сипаттайтын деректерді талдаудың негізінде А. Н. Леон-
тьев мектеп жасына дейінгі кезеңде орын алатын іс-әрекеттің
бір-бірін бекітетін немесе өзара шиеленісетін өзара бағынышты
мотивтердің жүйесімен ерекшеленетінін қорытындылайды.

    А. Н. Леонтьевтің теориялық тұғырлары біздің мектеп жа-
сына дейінгі шақтағы бала тұлғасының қалыптасуы жайлы
түсініктеріміздің дамуына ықпал етті. Оның баса көрсеткен
орталық үзбелі – іс-әрекеттегі мотивтердің өзара бағыныштылығы
шын мәнінде орталық қызметті атқарып, тұлға қалыптасуына
тікелей байланысты болады.

    Бала тұлғасының қалыптасуында қатынастардың үш түрі:
    – өз-өзіне,
    – басқа адамдарға
    – заттық әлемге қатынасы ажыратылады.
    Тұлғаның негізін құрайтын қатынастардың нұсқалған түрлері
оны толық түсіндермесе де, маңыздылығын жоғалтпайды.

    2. Бала тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың
ықпалы

    Адамдардың қарым-қатынастары жайлы мәселе соңғы жылда-
ры зерттеушілердің үлкен назарын талап етуде.

    Баланың өмірінің алғашқы айларында ересекпен тікелей

                                    110

⇐ МАЗМҰНЫ
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115