Page 112 - index Bapaeva
P. 112

қарым-қатынас түріне көшеді. Бұл асу – оның өміріндегі маңызы
жоғары құбылыстардың бірінен саналады; сөйлей алатын бала
жағдайды көз алдына елестетумен шектелмей, оны сөзбен ересек-
ке хабарлай алады.

    Баланың ересекпен қарым-қатынасының жағдаяттан тыс екі
түрі ажыратылады, олар:

    – жағдаяттан тыс – танымдық
    – жағдаяттан тыс – жеке.
    Қарым-қатынасатың бірінші формасы балалардың танымдық
іс-әрекеттің негізінде жүзеге асады. Оның көрініс беру мерзімі
тұрақсыз.
    Жағдаяттан тыс танымдық форманың шеңберіндегі қарым-
қатынас танымдық іс-әрекеттің негізіндегі жүзеге асатындықтан,
мұндағы танымдық мотивтер, яғни баланың білу, түсіну, меңгеру
ұмтылысы жетекші орынды иеленеді.
    Уақыт өткен сайын мектепке дейінгі жас шамасындағы
баланың зейінін адамдардың өзара қатынастарындағы оқиғалар
қызықтыра бастайды. Адамдар, олардың қылықтары, мінез-
құлықтарының нормалары бала мен ересек қарым-қатынасының
пәніне айналады. Осылайша, қарым-қатынастың ең кеш, әрі
күрделі жағдаяттан тыс жеке түрі қалыптасады.
    Алдыңғысы сияқты қарым-қатынастың бұл түрі де көрініс
беру мерзімі бойынша біршама тұрақсыз. Оның қарапайым фор-
маларын үш-төрт жастағы балалардан да байқауға болады. Алай-
да, мектепке дейінгі ересек жас шамасына таяу қарым-қатынастың
осы түрін меңгерген балалардың саны біршама ұлғайып, дамиды.
Сол себепті, жағдаяттан тыс-жеке қарым-қатынасты мектепке
дейінгі ересек жас шамасындағы балаларға тән деп есептеуге бо-
лады.
    Жағдаяттан тыс-жеке қарым-қатынастың айрықша ерекшелігі
баланың ересекпен өзара түсіністікке мұқтаж болуымен
анықталады. Көзқарастарының ортақтастығы және эмоциялы
баға олардың дұрыстығын білдіретін өлшем іспеттес.
    Мысалы, бес жастағы балалар тобында ересекпен қарым-
қатынасы жағдаяттық-іскер деңгейінде болса, жағдаяттан тыс-
тұлғалық түріндегі балалар да кездесуі мүмкін. Әрине, қарым-
қатынастың жетекші түрі өзара әрекеттестіктің басқа түрлерін
жоққа шығаратындығын білдірмейді. Шынайы өмірде мектепке

                                    112

⇐ МАЗМҰНЫ
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117