Page 127 - index Bapaeva
P. 127

жас шамасын, қарттықты және ұзақ өмір сүру кезеңдерін қамтиды.
    Бәрінен де балалық шақ жақсы зерттелінген – зерттеу

жұмыстары мен теориялардың көпшілігі дәл балалық шаққа
арналған. Ұзақ уақыт бойы жас ерекшелік психологиясы ба-
лалар психологиясы ретінде дамып келген. Оның екі себебі
бар. Біріншіден, балалалық шақтағы дамудың жоғары жиілігі,
негізділігі және өзгерістердің айқындылығы. Екіншіден, балалар-
ды оқыту мен тәрбиелеудің жағымды ұйымдастыруға бағытталған
қызығушылықпен шартталған психологияға деген әлеуметтік
сұраныс.

    Әрбір жас кезеңінің шеңберінде нақты жас шамасының си-
паттамаларын едәуір егжей-тегжейлі анықтап, талдауға бол-
са, жалпы жас ерекшелік динамикасын кезеңдер қатарының
қамтылуын бірнеше жас ерекшелік «қималарының» салыстырма-
лы сипаттамаларының анықталуын талап етеді.

    Жас ерекшелік психологиясының пайда болу кезінен бас-
тап (ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы), зерттеулер
объектісінің жас ерекшелік шекаралары біршама кеңейді.

    Ересек адамдардың психологиясына байланысты зерттеу-
лер біртіндеп жастарға, жасөспірімдерге, бастауыш сынып
оқушыларына, ал кейінірек мектепке дейінгі жас шамасындағы
балаларға да қолданыла бастады.

    Адамның жас кезеңдерінің қазақша атаулары жайлы
Ж.Түрікпенұлы, А. Т. Ақажанова, А. Садыровалар құрастырған
«Қазақша психологиялық сөздікте» бұл мәселенің әлі де бір
қалыпқа келмегенін осы тақырыпқа байланысты жазылған
әдебиеттерді зерделегенде бірден байқауға болатынын айта-
ды. Осы орайда авторлар төмендегі бірнеше оқулықтар мен оқу
құралдарына талдау жасаған. Мәселен:

    1. М. М. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Ал-
маты, 1982, 25-29 беттер.

    2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Редак-
циясын басқарған проф. А. В. Петровский. Алматы, 1987.

    3. Ж. Б. Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткіншектер
тәрбиесі. Алматы: Рауан, 1990, 66-75 беттер.

    Профессор М. Мұқанов өзінің жоғарыда аталған кітабында
баланың жас кезеңдерге бөлуді екі тұғырда қарастырды:
І. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын қезеңдерге бөлу;

                                    127

⇐ МАЗМҰНЫ
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132