Page 128 - index Bapaeva
P. 128

2. Қазіргі кезде ғылыми тұрғыдан балалар психологиясының да-
муын кезеңдерге топтастыру.

    Бірінші жағдайда:
    1. Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жас кезеңі. Оның ішінде:
а) бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін); б) еңбектеу жасы (7-12 ай).
    2. 1-ден 3 жасқа дейін – бөбектер жасы.
    3. 3-тен 7-ге дейін – сәби жасы.
    4. 8-ден 11 жасқа дейін – періште жасы.
    5. 12-ден 15 жасқа дейін – бозбала (қызбала).
    6. 15 жастан бастап – үлкендер жасы.
    Екінші жагдайда:
    1. Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы.
    2. 1-ден 3 жасқа дейін – алғашқы балалық шақ немесе бөбек
жасы.
    3. 3-тен 7-ге дейін – мектепке дейінгі жас.
    4. 7-ден 11-ге дейін – бастауыш мектеп жасы.
    5. 11-16 жас аралығы – ортаншы кластағылар немесе
жеткіншектер.
    6. 16-18 жас аралығы – аға кластар немесе ересектер жасы.
    Профессор А.В. Петровскийдің кітабында:
    1. Туғаннан 1 -2 айға дейін – жаңа туған бала.
    2. 1-2 айдан 1 жасқа дейін – нәресте.
    3. 1-ден 3-ке дейін – ерте сәбилік шақ.
    4. 3-тен 7 жаска дейін – мектепке дейінгі балалық шақ.
    5. 7-ден 11 -12 жасқа дейін – бастауыш мектеп шағы.
    6. 12-ден 14-15 жас аралығы – жеткіншектік кезең.
    7. 14,5-17 жас аралығы – балаң жасөспірімдік.
    Ж. Қоянбаев кітабында адамның жас кезеңдері туғаннан
қарттық жасқа дейін берілген.
    1. 1-10 күн – жаңа туған бала.
    2. 10 күннен 1 жасқа дейін – нәрестелік шақ.
    3. 1-ден 3-ке дейін – сәбилік шақ.
    4. 4-тен 7 жасқа дейін – бірінші балалық шақ.
    8-ден 12 жасқа дейін – (ер балалар) екінші балалық шақ.
    8-ден 11 жасқа дейін – (қыз балалар) екінші балалық шақ.
    5. 13-тен 16 жасқа дейін – (ер балалар) жеткіншек шақ.
    12-ден 15 жасқа дейін – (қыз балалар) жеткіншек шақ.

                                    128

⇐ МАЗМҰНЫ
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133