Page 129 - index Bapaeva
P. 129

6. 17-ден 21 жасқа дейін – (ер балалар) жасөспірімдік шақ.
    16-дан 20 жасқа дейін – (қыз балалар) жасөспірімдік шақ.
    7. 22-ден 35 жасқа дейін –(ерлер) кәмелеттік жастың бірінші
кезеңі.
    21-ден 35 жасқа дейін – (әйелдер кәмелеттік жастың бірінші
кезеңі.
    36-дан 60 жасқа дейін – (ерлер) кәмелеттік жастың екінші
кезеңі.
    36-дан 50 жасқа дейін – (әйелдер) кәмелеттік жастың екінші
кезеңі.
    8. 61 мен 74 жас аралығы – (ерлер) кексе жас. 56 мен 74 жас
аралығы (әйелдер) кексе жас.
    9. 75-90 жас аралығы – қарттық жас.
    10. 90-нан жоғары жас – ұзақ жасау.
    Қазіргі кезде студенттерге дәріс беруде біздің қолданып жүрген
жас шақтарының атаулары төмендегідей:
    1. Туғаннан 60 күнге дейін – нәрестелер.
    2. 2 айдан 12 айға дейін – бөбектер.
    3. 1-ден 3 жасқа дейін – сәбилер.
    4. 3-тен 6-7 жасқа дейін – кішкентай балалар немесе ілік
мектепшілер.
    5. 6-7-ден 10-11 жасқа дейін кіші мектепшілер немесе
жеткіншектер; ұландар; ересек балалар.
    6. 10-11-ден 15-16 жасқа дейінгілер – ортаншы мектепшілер
немесе жасөспірімдер.
    7. 15-16-дан 17-18 жасқа дейінгілер – а) жоғары мектепшілер
немесе ержеткен ұлдар, бозбалалар, ә) бойжетіп қалған қыздар.
Бұл кезең – жастық шақтың алғашкы кезеңі немесе балаң жастық
шақ деп аталады.
    8. 18 бен 22-23 арасындағы шақ – жастық шақтың 2-кезеңі –
есейген жастар, студенттік шақ.
    9. 23-тен 30-35-ке дейін –толысқан (кемелденген) жастық шақ.
    Жоғарыда айтылғандай, адамның жас шақтарын жіктеп-
жүйелеу және олардың әр кезеңіне лайықты қазақша атаулары әлі
күнге дейін бір ізге түсіп қалыптаспаған. Осындай кемшіліктер
салдарынан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау ісінде
үлкен олқылық орын алып отырғанын айтады.

           129

⇐ МАЗМҰНЫ
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134