Page 130 - index Bapaeva
P. 130

М. М. Мұқанов бойынша балалар жасын кезеңдерге бөлу
    1. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу та-
рихынан.
    2. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын
кезеңдерге топтастыру

    1. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу та-
рихынан

    Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай
жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның
есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының
қажет екенін мынадан: әр жас кезінде баланың өз үй ішінде және
құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз
олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін
киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас
кезеңін топтастырып көрейік.

    Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі. Нәресте
жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді:

    а) Бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
    ә) Еңбектеу жасына (7айдан 12 айға дейін);
    1-ден 3 жасқа дейінгі кезеңді – бөбектер жасы дейді. Бұл кей
баланың тілі шығып, денесі ыңғайланып ойнай бастау кезеңі.
Бөбек өте мейірімді келеді. Мысалы, малдың төлдерін (лақты,
қозыны, бұзауды, т.б.) осы жастағылардың ұнататыны сондай,
қозының қасына келіп, үстінен сипап, не солардың дауысын са-
лып еліктейді. Қыздар мен ұлдардың осы жастағы ойыны алдыңғы
жастарға қарағанда қарапайым келеді. Қыз ойын үстінде көбінесе
шешесіне, ұлы әкесінің жұмыстарына еліктейді.
    3-тен 7-ге дейін – сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың
қарапайым түрлерін орындауға қатысты: қыздар көбіне қазан-
аяқ ұстап шешелеріне көмектесті (нан илеу, от жағу, су әкелу
т.б.). Ұлдар бұзау не қозы бағып, тезек теріп, оны түйеге артып
әкелетін. Шөмеле тасу үшін түйеге мініп, не биелер мен түйелерді
қайырып келетін-ді.
    8-ден 11 жасқа дейін – періште жасы. Психикалық және
физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда,
қазіргі ғылыми тұрғысынан (1-1,5) жыл алда келетінін, елде
мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білінді. Егер бұлар

                                    130

⇐ МАЗМҰНЫ
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135