Page 131 - index Bapaeva
P. 131

бұзақы іс жасай қалғанда соның кінә екені осы жастардан соң
есептелінеді. Қыздар шешесіне көмек көрсетуге тиіс болса,
ұл балалар үй-ішінен сыртқы жұмыстарға жегілді. Демек, осы
жастағылар игілікті өндірілуге қатыстырылды. Дегенмен бұл
жас әлі кішкентай болып есептелінді. Мәселен, біреудің үйіне
қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен дастарқан басына
отырғызылмайтын, тек шешесімен бірге ғана ас ішетін.

    12 жастан 15 жасқа дейін – бозбала (қыз бала) кезеңі.
    Бұл мезгіл ұл мен қыздардың едәуір есейіп қалған кезі. Мұны
мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы
қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен
бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес,
үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау, т.б.)
қосылатын.
    15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп,
еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
    Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кездегі бала өзінің ісін (қай
кезде үйленуін, т.б.) соған түгелдей арнады деп отырған жоқпыз,
осы тек шамамен айтылып отыр. Осы мағұлматтар баланың өз
жасынан (хронологиялық жасынан) басқа әлеумет жасының
кездескеніне дәлел бола алады.
    Осы жөнінде сөз еткенде оқу мәселесін қозғаған жоқпыз.
Осы кезеңдегілердің ішінен бірең-сараңдары болмаса, (онда да
үстем тапқа жататындардың балалары) бұқара халықтың балала-
ры оқымайтын, бірақ олар өздерінің білімін, ақыл-ойын тіптен
дамытпады деуге болмайды. Біріншіден, балалар кіші жасынан
5-6 жасынан туған-туысқандарымен бірге жұмыс істеп, сөйтіп
үлкендерге еліктеу арқылы өзінің білімін, еңбек дағдыларын
дамытты. Екіншіден, бозбала не қыз бала ол кезде түрлі ойын-
сауықтарға қатысып, мәселен, айтыс кезінде кім қандай деректер
келтірілгенін тыңдап, кейін өлең шығаруға, сөзді тауып айтудың
айналасына ұмтылып, шешендік қабілетке ие бола бастайтын-ды.
Демек, оқымаған адам ешнәрсе білмейді деу қате пікір. Біз осы-
ны есепке алып, баланың психикалық дамуын ғылыми тұрғыдан
қандай кезеңдерге бөлінетіндігіне тоқталайық.
    2. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын
кезеңдерге топтастыру.
    Баланың ақыл-ойының өріс алу тек білімге тәуелді емес.

           131

⇐ МАЗМҰНЫ
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136