Page 132 - index Bapaeva
P. 132

Себебі білім мен психикалық даму біз ілгеріде ескерттік. Егер
ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту әсер етпейді
дейтін Ж. Пиаженің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың
дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине,
бала психикасының қандай болып келуіне оның хронологиялық
жасының тікелей қатысы бар. Бала психикасының әр жаста
қандай болып келуіне әлеумет ортасы бұрынғыдан мүлде өзгеше:
қазіргі техника мен өндіріс саласына ие болу үшін жасөспірімдер
жасының көбін оқуға арнауы тиіс. Сондықтан да балалық кез
қазір көпке дейін созылады.

    Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге
тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға
қоятын талабы мен баланың өзбеттілігі ұмтылуының арасындағы
қайшылық «дағдарыс» көп кездеседі. Психологиялық тұрғыдан
осы принциптерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге
бөледі:

    Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені
сезуден және қозғалудан тұрады. Ж. Пиаженің системасында сезу-
қозғалу интеллектісінің бастапқы кезі.

    1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл
кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасын және
грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

    3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл
қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен
өріс алады.

    7-ден 11-ге дейін – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың
сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі
болып дамиды.

    11-16 – орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың
ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен
өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық жағынан үлкен
өзгерістерге ұшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатта-
лады. Жеткіншек –балалық кез бен ересек жасының шекарасы бо-
лып есептелінеді.

    16-18 – аға сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл
кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі
16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға ұқсас
жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында

           132

⇐ МАЗМҰНЫ
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137