Page 133 - index Bapaeva
P. 133

кездеседі. Бірақ ересек жаста «балалық» қасиеттер бірте-бірте
азая бастайды.

    Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттама-
сы ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге
бөлуіне қарағанда, баланың есеюі көпке дейін созылып отыр. Бұл
екі арадағы есеюдің алғашқы әр дәуірдегі әлеумет ортасының
түрліше келуінен.

    Осы келтірілген жас кезеңдерін психологиялық тұрғыдан
топтастыру балалар бақшасында не мектептерде ресми түрде
қабылданған жастарға үнемі сай келмейді. Себебі психологиялық
тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.

    Біз ілгеріде балалар жасын тиісті кезеңдерге бөліп, сол
мезгілде кездесетін баланың есеюі мен оған қоятын үлкендердің
талабының арасында кездесетін қайшылықтарға байланысты
алатынын ескерттік. Бірақ бір жас кезеңнің екінші жас кезеңіне
көшуді үйлеспеушілікті толық дәлелдей алмайды. Егер осы
болған қайшылыққа сай баланың қажеттілігін қанағаттандыра
алмағандықтан көңілі бұзылады да, соны қамтамасыз ету үшін
бала әрекет жасайтын болады. Міне, алға қарай есеюдің тетігі
осында.

    Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Адам өмірінің кезеңдерге бөлінуі:
    а) көне қытайлық дәстүрде топтастырылуы;
    ә) Пифагор бойынша топтастырылуы;
    б) Гиппократ бойынша топтастырылуы;
    в) Мәскеу. Халықаралық симпозиум қабылдаған адам жасының
топтастырылуы;
    г) Дж. Бирреннің топтастыруы;
    ғ) Эриксон бойынша топтастырылуы;
    д) Л. С. Выготский бойынша топтастырылуы;
    ж) Л. И. Божович бойынша топтастырылуы;
    з) М. М. Мұқанов бойынша топтастырылуы.

           133

⇐ МАЗМҰНЫ
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138