Page 135 - index Bapaeva
P. 135

4.2. Нәрестелік кезең (туғаннан – 1 жас аралығы)

    Жоспары:
    1. Баланың пренатальды дамуының ерекшеліктері
    2. Нәрестенің психологиясы жайлы түсінік
    3. Жаңа туған нәресте жасы
    4. Нәрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші
жартысы
    5. Нәрестелік кезең: өмірінің екінші жартысы
    6. Нәрестелік кезеңдегі дағдарыс

    1. Баланың пренатальды дамуының ерекшеліктері

    Адамның психикалық дамуының алғашқы дәуірі – ерте
балалық шақ – дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелік шақ
дағдарысынан басталып, нәрестелік және бөбек жас шамасы-
нан құралады. Дүние есігін ашқанға дейін психикалық бейнелеу
және дамудың сәйкес түрі де болмайды, сондықтан пренатальды
кезең (ұрықтанып, дүниеге келгенге дейін) адамның психикалық
дамуының жіктелуімен қамтылмайды.

    Нәрестенің дүниеге келу мезетінде баланың өмір мен даму түрі
және заңдары түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Баланың дара
психикалық өмірі нәрестелік кезеңінің орталық психологиялық
жаңа құрылымы болып табылады. Пренатальды даму негізгі үш
кезеңнен тұрады:

    ●● герминалды (ұрықтанғаннан 2 аптаға дейін) –
жасушалардың жылдам жетілуі мен алғашқы дифференциялану
кезеңі;

    ●● эмбрионалды (2 аптадан 2 айға дейін) – негізгі құрылымдар
мен ағзалардың қалыптасу кезеңі;

    ●● феталды (3 айдан туғанға дейін) – ұрықтың қарқынды
морфофизиологиялық даму кезеңі.

    Жүктіліктің екінші триместрдың соңына қарай (4-6 ай)
баланың миы алты есеге ұлғаяды. Алтыншы айдың соңына қарай
жатырдағы бала өмірге қабілетті болады. Баланың анализаторлық
жүйелерінің біршама дамығандығының дәлелі ретінде оның

                                    135

⇐ МАЗМҰНЫ
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140