Page 136 - index Bapaeva
P. 136

дыбысқа, тактильді тітіркендірігіштерге әсерін байқауға болады.
Үшінші триместрде (6-9 ай) орталық жүйке жүйесі қарқынды
дами бастайды, дем алу мен жұтуға жауапты құрылымдар
қалыптасады, сенсорлы және моторлы орталықтар локализация-
ланады (7 ай), сипауға және дірілге сезімталдық пайда болады,
баланың анасымен өзара әрекеттестігі қалыптаса бастайды.
Баланың анасының жүрегіне сезімталдығы пайда болады. Бала
мен ана жүрегі соғысының синхрондығы бала ағзасының барлық
физиологиялық жүйелерінің іс-әрекетіне жағымды ықпал етеді.
Пренатальды даму психологиясында баланың психикалық дамуы-
на жағымды ықпал ету мақсатында анасымен қарым-қатынасының
неғұрлым ерте қалыптасуының маңызы мойындалған. Ондай
қарым-қатынас сипалау, баламен сөйлесу, тілдесу түріндегі «ха-
бар» алмасу сипатына ие. Осындай өзара әрекеттестік ата-аналық
ұстанымның қалыптасуына, баланы эмоциялы қабылдауға,
ананың оның мінез-құлқы мен күйлеріне сенситивтілігін арттыру
үшін, оған субъективті қатынасын қалыптастыру үшін жағымды
ықпал етеді. Пренатальды кезеңдегі қарым-қатынас тәжірибесі
ананың босануға психологиялық даярлығын қалыптастыруға
және баланың дүниеге келу мезетінде жақын ересекпен
ынтымақтастығын реттеу үшін маңызын жоққа шығаруға болмай-
ды.

    2. Нәрестенің психологиясы жайлы түсінік

    Балалар психологиясының бір жастағы балалардың өмірін
зерттеуге байланысты бөлімі – нәрестелік кезең психологиясы
әлі жас сала. ХХ ғасырдың басына дейін психологтардың нәресте
жайлы білімдері күнделікті бақылаумен ғана шектелінген бола-
тын.

    Ондай жағдайдың туындауы нәрестенің нақ осы шақтың
емес, болашақтың адамы ретінде анасының құрсағынан тыс
жетілген организм ретінде қарастырылуына байланысты болды.
Ересектер нәрестенің дене бітімінің дамуын, яғни – қоректенуін,
жылулықты, ұзақ мерзімде ұйықтау жағдайларын қамтамасыз
етуге тырысқан.

    Нәрестелік шақ психологиясының салыстырмалы

                                    136

⇐ МАЗМҰНЫ
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141