Page 137 - index Bapaeva
P. 137

кешеуілдеуінің келесі бір себебі 1 жастағы балалардың психоло-
гиясын зерттеудің әдістемелік қиыншылықтарына байланысты,
өйткені нәрестелер сөйлей алмайды, қозғалыстарын ырықты түрде
реттей алмайды, олардың өз бетінше орындайтын әрекеттерінің
кешені біршама шектеулі.

    Бейне техникаларының және әртүрлі өлшеуіш құралдардың
пайда болуы, кішкентай балалардың психикалық өмірі жай-
лы жаңа әрі көбінде күтпеген деректердің алынуына және
нәресте психологиясының қауырт жетілуіне ықпал етуде. Алай-
да бұл деректер нақты ғылыми тұрғылардың шеңберінде ғана
талқыланды. Мәселен, бихевиоризмде нәресте өзінің дара
өмірінің жаңа жағдайларына бейімделуші табиғи организм
ретінде қарастырылады.

    Ж. Пиаже бала өмірінің алғашқы жылын оның интеллектісінің
дамуына сәйкес сипаттайды. Оның ойынша, әлеуметтік
құбылыстардың ықпалына түспеген ақыл, табиғи дербес заңдары
бойынша тіршілік етеді.

    Психоаналитикалық тұжырымдамада нәрестенің ересектер-
мен инстинктивті сипаттағы қатынастарына ерекше көңіл бөлінеді.
Психоаналитикалық бағытты ұстанушылар «госпитализм» деген
құбылысты анықтайды. Ол құбылыс бойынша баланың ересек-
термен қарым-қатынасы жетіспегенде оның психикалық дамуы
күрт кешеуілдеп, бұзылады.

    Л. С. Выготский нәрестені жоғары дәрежедегі әлеуметтік ағза
ретінде қарастырған, өйткені оның әлеммен қатынасы туғаннан
жақын ересектермен қарым-қатынасы арқылы жүреді.

    Ересек адам нәресте үшін барлық жағдайлардың орталығы бо-
лып табылады. Оның белсенділігін жүзеге асырудың ең үйреншікті
және табиғи жолы тек ересектің қатысуымен басқа адам арқылы
ғана жасалады. Бала үшін ересектің болмағаны оның өзі қатысқан
жағдайдың күрт өзгеруін білдіреді.

    Ересектен психикалық ажырау жағдайы едәуір кеш
кезеңдерде орын алады. Өзінің және басқаның қосылуының
алғашқы күйзелісі оның дербес «Менін» сезінуіне әкеледі.

    Қазіргі кезде нәрестелік жастың біртекті кезең емес екені
жайлы ұғым басым болуда. Оның ішінде баланың психикалық
дамуының сапалы өзгеше үш кезеңін қарастырады, олар: жаңа
туған нәресте кезеңі, бала өмірінің алғашқы жылының бірінші,
екінші кезеңдері.

                                    137

⇐ МАЗМҰНЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142