Page 138 - index Bapaeva
P. 138

3. Жаңа туған нәресте жасы

    Қазіргі кезде жас ерекшелік психологиясы өкілдерінің ара-
сында баланың анасының құрсағындағы психикалық өмірі ту-
ралы қызу пікірталастар орын алуда. Кейбір дәрігерлер мен пси-
хологтар әлі тумаған балаға саналы адами күйзелістерді таңып
қояды. Тіптен анасының құрсағындағы балаға неғұрлым пайдалы
сыртқы ықпалдарды ұйымдастыруды мақсат еткен пренатальды
педагогика ағымы пайда болды. Анасының әсері мен күйзелістері
нәрестенің дамуында көрініс беретінін дәлелдейтін деректер бар.

    Әлі дүниеге келмеген баланың қарапайым сезімталдығының
болатыны күмәнсіз. Ол вестибулярлы қоздырғыштарға сезімтал
келеді. Мәселен, анасының оны тербететіндей әсер тудыратын
қозғалыстарында ол тына қалып, қозғалысын тоқтатады, ал анасы
тыныштық жағдайына түскенде аяқ-қолдарын қозғалта бастайды.

    Баланың есту аппараты да ол дүние есігін ашқанға дейін
біршама ертерек қызмет ете бастайды. Құрсақтағы бала анасының
дауысын естіп, жүрегінің соғысына, сырттағы дыбыстарға құлақ
салады. Оның қарапайым көру сезімталдығы да бар. Алайда,
біршама бай сезімталдықтың барлығы баланы сыртқы дүниенің
қуатты әрі берік ықпалдарынан қорғайтын анасының денесі
арқылы өзінше ұйғарылады.

    Организмнің дүниеге келуі оны орасан зор күйзеліске
ұшыратады, өйткені баланың тіршілік ету жағдайлары өзгереді:
қараңғы мен жарықтың, жылулық пен суықтың қарама-қарсылығы,
баланың өкпесімен дем алуы, анасынан физикалық ажыруы.

    Осыған байланысты көптеген зерттеушілер мен тәжірибешілер
ана мен бала өмірінің алғашқы сағаттарындағы физикалық және
психологиялық қатынасуына ерекше назар аударады.

    Бала дүниеге рефлекстердің түрлі жиынтығымен келеді.
Баланың дүниеге жаңадан келген кезеңінде мінез-құлықтың
табиғи инстинктивті түрлерін таза күйінде байқауға болады.

    Шартсыз рефлекстер – нақты сыртқы қоздырғыштарға ав-
томатты, ырықсыз түрде жауап беру. Кейбір рефлекстер сыртқы
әлемге физиологиялық бейімделуді қамтамасыз етіп, кейіннен ему,
іздеу, тамақтану, қорғану және т.с.с. рефлекстерінде сақталады.

                                    138

⇐ МАЗМҰНЫ
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143