Page 140 - index Bapaeva
P. 140

4. Нәрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші
жартысы

    Бала дамуының екінші кезеңі 1-6 ай аралығын қамтиды.
Нәрестенің ересекпен тікелей эмоциялы немесе жағдаяттық-жеке
қарым-қатынасы оның осы кезеңдегі жетекші әрі негізгі іс-әрекеті
болып табылады. Алғашқы жарты жылда балада ересекпен
қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген
ересектің бет әлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық-
соматикалық реакциясы – «жандану кешені» қалыптасады.

    Ол төмендегідей компоненттерден құралады:
    1) баланың қоршаған ортадан ересек адамды бөліп алуы (тына
қалуы), сөйлеген ересектің бет әлпетіне тоқтап, оған құлақ салып,
назар аудару;
    2) ересекпен ым (күлімсіреуі) және ерекше дыбыс (айқайлауы,
уілдеуі, былдырлауы) арқылы жүзеге асатын қарым-қатынасы;
    3) ересекті белсенді түрде қарым-қатынасқа тарту (денесінің,
аяқ-қолдарының қозғалысы);
    Осы компоненттердің барлығы нәрестенің мінез-құлқында
кешенді түрде бір уақытта байқалады. Жандану кешені 2,5 ай
шамасында қалыптасып, 4 айға дейін қарқыны ұлғая береді.
Осы кезеңнен кейін ол ыдырай бастайды да, оның жеке
компоненттері салыстырмалы түрде тәуелсіздікке ие болып,
бала мінез-құлқының жаңа формалары туындайды. Жандану
кешенінің даму заңдылықтары бойынша қарым-қатынасты ор-
нату бастамашылдығы ересектен балаға біртіндеп көше бастай-
ды. Алтыншы айда жандану кешені баланың ересекпен қарым-
қатынасының неғұрлым күрделі түрлерімен алмасады.
    М. И. Лисина баланың қарым-қатынасқа мұқтаж болуының
төмендегідей белгілерін көрсетеді:
    1) ересекті тануға бағыттылықты анықтайтын наза мен
қызығушылық;
    2) баланың бағасын қамтитын ересекке бағытталған эмоциялы
көріністер;
    3) ересекке бағытталған бастамашыл әрекеттер;
    4) ересекке қатысты сезімталдық.
    Бала өмірінің алғашқы жылының бірінші жартысын оның ере-
секпен эмоциялы қарым-қатынасының кезеңі деп атауға болады.

                                    140

⇐ МАЗМҰНЫ
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145