Page 139 - index Bapaeva
P. 139

Басқа рефлекстер атавистік сипатта болып, жануарлар тегінен
алынған мұраны білдіреді.

    Осындай рефлекстердің көпшілігі алғашқы жарты жылда-ақ
бәсеңдейді. Олар тең басу, қармау (Моро рефлексі), іліну (Робин-
зон рефлексі).

    Сонымен бірге адам баласында жануарлардың төліне
қарағанда, мінез-құлықтың тума формалары аз болады, рефлекс-
тер оның психикалық дамуының негізін құрамайды.

    Соңғы уақытта «нәрестенің біліктілігі» деген атауға ие болған
олардың сенсорлы қабілеттері жайлы қызықты деректер пайда бо-
луда.

    Жаңадан дүние есігін ашқан баланың белсенділігі ең алдымен
әртүрлі стимулдарға қатысты таңдамалы сезімталдығында көрініс
табады.

    Р. Францтың тәжірибесінде нәрестелер өмірінің алғашқы
аптасында-ақ күрделі, құрылымды және ашық бейнелерді
қалайтыны анықталды. Иілген, дөңгеленген бейнелер, түзу бейне-
лерге қарағанда көбірек ұнайды, ал жайылған формаға қарағанда,
олар тұйық шоғырланған форманы ұнатса керек. Қозғалған заттар
нәрестелердің ерекше қызығушылықтарын тудырады.

    Нәрестелердің есту арқылы қабылдауында, олардың дыбыстың
бастауын анықтау қабілетін анықтайтын экспериментті де-
ректер алынады (Т. Бауэрдың тәжірибелері). Д. Б. Годикованың
мәліметтері бойынша балалардың адамдардың дауысын барлық
басқа шуылдар мен дыбыстардан артық көретіні маңызды.
Экспериментшілердің осындай серияларынан кейін төмендегідей
қорытынды жасалынды: жаңадан дүниеге келген нәрестелердің
сенсорлы жүйелері адамның бейнесімен (дауысының дыбыста-
ры, қозғалған заттар, дөңгеленген, тұйық форма және т.б.) бай-
ланысты стимулдарды қабылдауға бағдарланған, яғни бейтаныс
сыртқы әлемде дәл адамды бөліп алуға бағдарланған.

    Жаңа туған нәресте сыртқы әлемге бейімделіп қана қоймай,
ересекті қабылдауға бағдарланады. Ересектің нәрестеге жеке
дара назарының негізінде, 3-4 аптаның соңына қарай баланың
көңілі ересектің бетіне тоқтап, оған жымия бастайды. Баланың
алғашқы күлімсіреуі нәрестенің жаңадан дүниеге келген кезеңін
қорытындылайды.

           139

⇐ МАЗМҰНЫ
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144