Page 141 - index Bapaeva
P. 141

Нәрестелердің қарым-қатынасын дәлелдейтін көптеген
белгілер бар:

    1) ересектің көз жанарына қарау;
    2) ересектің әрекетіне күлімсіреу;
    3) өз бетінше күлімсіреу және қозғалыс арқылы жандану;
    4) ересектің қатынасына жауап беру.
    Баланың ересекпен осы кезеңдегі қарым-қатынасы әлі де
болса заттармен және мазмұнды іс-әрекетпен жанамаланбай-
ды. Нәрестенің ересекпен жағдаяттық-жеке қарым-қатынасы
оның ересектің көңілін қажет етеді. Бұл қатынас экспрессивті-
мимикалық құралдармен, яғни жандану кешенінің құралдарымен
анықталады.
    Қарым-қатынастың бұл формасы еш мазмұнсыз болғанымен,
баланың дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл кезеңде тұлғаның
едәуір терең негізі, яғни баланың өзін-өзі ажыратуы және сана-
сезімінің алғашқы формасы қалыптасады.
    Сонымен бірге алғашқы жарты жылдықтың соңына қарай
баланың жақын ересектермен аффективті-жеке байланыстары
қалыптасады. 2-3 айдан бастап бала қолпаштау мен ескертулерге
әсер ете бастайды. 3 айға қарай ересектермен таңдаулы араласа
бастайды.
    Жағдаяттық-жеке қарым-қатынас нәрестенің қоршаған
заттарға қатысты танымдық белсенділігінің қалыптасуына, затты
ұстауға бағытталған әрекеттердің пайда болуына ықпал етеді.
    Баланың заттық іс-әрекеті бағдарланушы-зерттеуші және
практикалық әрекеттерінен байқалады.

    5. Нәрестелік кезең: өмірінің екінші жартысы

    Бұл кезеңде баланың заттармен манипулятивті іс-әрекеті
қалыптасып, жетекші іс-әрекетке айналады. Ересектермен қарым-
қатынасының жағдаяттық-іскер формасы басымдылықпен байқала
бастайды. Осы жастағы баланың негізгі қызығушылықтары
заттарға шоғырланады. Жағдаяттық-іскер эмоциялық қарым-
қатынас екінші жоспарға төмендейді. Балаға жай ғана назардың
өзі жеткіліксіз болып, біріккен әрекеттері бойынша серігі ретінде
қабылдайтын ересекпен араласуы қажет.

                                    141

⇐ МАЗМҰНЫ
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146