Page 142 - index Bapaeva
P. 142

Жағдаяттық-жас ерекшелік қарым-қатынастың пайда бо-
луы мен дамуы баланың ересекпен қатынастарында сипатта-
лады. Біріншіден, нәресте ересектің жағымсыз және жағымды
ықпалдарына әрқилы жауап бере бастайды. Екіншіден, бала-
лар жақын және бөтен ересектерге сапалы ерекше қатынаста
болады. Жақындарына қатысты аффективті-жеке байланыста-
ры қалыптасып, бейтаныс адамдарға қатысты қорқыныш, ұялу,
ыңғайсыздану қылықтары байқалады. Үшіншіден, ересектермен
аффективті байланыстары сыртқы әлемге деген қызығушылықты
күшейтіп, балалардың танымдық белсенділігін ынталандырады.

    Баланың жалпы психикалық дамуындағы сөйлеу-тілінің рөлін
ерекше атап өткен жөн. Екінші жарты жылдық белсенді сөйлеуге
деген даярлық кезеңі болып табылады. Ол даярлық екі жолмен
жүзеге асырылады:

    1) ересектің сөйлеу-тілін түсіну қабілетінің дамуы (ересектің
атаған затын көзқараспен тауып, оның нұсқауларын орындауға
дейін);

    2) баланың тілі шыққанға дейінгі дыбыстауының дамуы.
    Баланың жақын адамдармен терең эмоциялы байланыстарының
пайда болуы тілдің пайда болуы мен дамуының маңызды шарты
болып табылады. Баланың психикалық дамуы оның өзі жайлы
түсініктерінің тереңдеу үдерінде жүзеге асады. Баланың мінез-
құлқы мен іс-әрекетін ынталандыруға қабілетті бейнелері мен
түсініктердің пайда болуы нәрестеліктен ерте кезеңге өтудің
сапалы өзгерісі болып табылады. Осы уақытқа дейін баланың
мінез-құлқы тікелей ықпалдармен ғана анықталып келді. Алайда,
баланың сыртқы жағдайлардың талабына бағынуын тоқтататын
кезең келеді. Ол жиі ересектің мойынсұндыруға тырысқан
әрекеттеріне қарсылыса бастайды да, өз ұмтылыстарын жүзеге
асыруға тырысады. Бала жоқ нәрсені қалауға қабілеттілігін
байқата бастайды.
    Баланың сана-сезімінің дамуы бір жастағы дағдарысында
айқын байқалады. Бұл дағдарыстың белгілері баланың тіршілік
әрекетінің барлық аумақтарын қамтиды, яғни оның заттар
әлеміне, айналасындағыларға, ересектерге, өз-өзіне қатынасын
қамтиды. Баланың ересектен тәуелсіз аффективті ұмтылыстары

           142

⇐ МАЗМҰНЫ
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147