Page 143 - index Bapaeva
P. 143

пайда болып, ол ересектің бағасына бағдарлана бастайды.
Баланың тәуелсіз болу ұмтылысы және оның ересекке объективті
тәуелділігі дағдарыстың негізгі қарама-қайшылығы болып табы-
лады.

    6. Нәрестелік кезеңдегі дағдарыс

    Баланың өміріндегі алғашқы жас ерекшелік дағдарыс – бұл
жаңа туған нәрестенің кешіретін дағдарысы. Бұл дағдарыстың
барысында баланың соматикалық, рефлекторлық, моторлы
және сенсомоторлы деңгейлердегі жеке-дара ұйымдасуы қайта
түзеледі. Жаңа туған нәресте дағдарысының ұзақтығы жайлы
әртүрлі пікірлер келтірілген – дүние есігін ашқалы 10 күннен екі
айға дейін. Соңғы жылдары мамандардың көпшілігі бұл кезеңге
баланың туғандағы алғашқы айын жатқызады.

    Л. С. Выготский жаңа туған нәрестенің психикалық іс-
әрекетінің өзгешелігін сипаттайтын маңызды екі сәтті ажыратады:

    – жаңа туған нәрестенің психикалық өмірінде «аффекті
мен түйсіктің қоспасын» анықтайтын дифференциалданбаған,
бөлшектенбеген күйзелістер басым болады;

    – жаңа туған нәрестенің психикасы «өзін және күйзелістерін
объектівті дүниелерді қабылдаудан ажырата алмайды, әлеуметтік
және физикалық нысандарды дифференциялай алмайды».

    – жаңа туған нәрестенің алғашқы күндері, апталары бұл –
құрсақтағы және құрсақтан тыс өмірдің арасындағы аралық
кезең. Бала үнемі үздіксіз қалғу күйінде болып, эмбриондық
дене күйін сақтайды. Алайда балаға бір ай болғанда, барлығы
түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Л. С. Выготский баланың жеке-
дара психикалық өмірін жаңа туған нәресте дағдарысының негізгі
жаңа құрылымы деп есептейді. Сонымен қатар, ол жаңа туған
нәрестенің психикалық өмірінің өзіндік сипаты бар есептейді. Ол
ерекшелік ми қабығының астындағы орталықтардың қызметіне
байланысты болады, өйткені бас миының қабығы құрылымы мен
қызмет етуінде жете дамымаған. Л. С. Выготский ойынша, ондай
жаңа құрылым дағдарысқа тән өтпелі сипатқа ие.

    Дағдарыс «жандану кешенінің» пайда болуымен аяқталады:
бала ересекті, әсіресе анасын көргенде күлімсіреп, аяқ-қолдары-

                                    143

⇐ МАЗМҰНЫ
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148