Page 144 - index Bapaeva
P. 144

мен ретсіз қозғалыстарды жүзеге асыра бастайды, әлдебір дыбы-
старды айтуға әрекеттенеді. Осындай психикалық көріністердің
барлығы аффективті ортадан бастау алады. Күлімсіреу – өзгеге
бағытталған ым. Барлық экспрессивті құралдар баланың ересек-
пен қарым-қатынасынан туындап, қарым-қатынастың мақсаттары
үшін дамиды. Күлімсіреудің алдында бала ересектің бет әлпетіне
бірнеше секундқа тоқталып, көзбен түйісуге тырысады. Ол жиі
бала өмірінің үшінші аптасында орын алады. Кейін 1-2 апта өткен
соң, бала алғаш рет күлімсірейді.

    Осылайша, баланың психикалық өмірінің бастауы дифферен-
циация, даралану сәтіне байланысты болады. Ересек әрекеттері
мен бала реакцияларының алмасуы оның индикаторы ретінде
көрініс береді: ересектің күлімдегеніне баланың реакциясы және
керісінше. Бұл баланың ересек іс-әрекетіне немесе қоршаған
ортаның өзге де ықпалдарына қатысты әрекеттерінің реттелуін
дәлелдейді.

    Дағдарыс орыналған жас шамасы негізгі төрт ерекшеліктері-
мен айқындалады. Дағдарыстың алғашқы үш ерекшелігі үш
жастағы дағдарыстың классикалық сипаттамасын қамтитын
Келердің еңбектерінен бастап, психологияда ертеректе
қарастырылған болатын. Төртіншісі алғаш рет Л. С. Выготскийдің
еңбектерінде көрсетіледі.

    Дағдарыстың ерекше динамикалық құрылымы. Біріншіден,
дағдарыстың шекарасы нақты белгіленбеген. Балалардың
тәрбиесінде дағдарыстың қай уақытта басталып, аяқталғанын
байқамай да қаласың. Екіншіден, кез келген дағдарыс дағдарыс
алды, шарықтау шегіндегі дағдарыс және дағдарыстан кейінгі
деп үш кезеңді қамтиды. Дамудың жағымсыз белгілері дағдарыс
алды немесе жағымсыз кезеңде біртіндеп, кейін жылдамдықпен
және шарықтау шегіне жеткенде апатты артуымен сипатталды.
Жағымсыз кезең баланың қоғамдағы орынының мүмкіндіктеріне
сәйкессіздігін анықтауымен ерекшелінеді. Ондай сәйкессіздік
тәрбиенің қиындықтарында, бұрынғы қызығушылықтары мен
жетістіктерінде көрініс береді. Дағдарыстың шарықтау шегі –
баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнының, дамуының
бұрынғы әлеуметтік жағдаятының баланың жаңа мүмкіндіктерімен
арасындағы қарама-қайшылықтың күрт ушығуы және дамудың
әлеуметтік жағдайының қайта құрылуы. Дағдарыстан кейінгі

                                    144

⇐ МАЗМҰНЫ
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149