Page 145 - index Bapaeva
P. 145

немесе жағымды кезең дамудың сипатын жағымды өзгерістер
мен дағдарыстың жаңа құрылымдарының қалыптасуына қарай
өзгертеді. Бұл кезеңде баланың мінез-құлқындағы жағымсыз
көріністер біртіндеп реттеле бастайды.

    Тәрбиелеудің салыстырмалы қиындығы. Дағдарыстың
аталмыш ерекшелігі баланы тәрбиелеуде туындайтын
қиыншылықтардың бастапқы деңгейіне қатысты салыстырмалы
болып табылады.Тәрбиешілергеқиындық тудырмайтынтілалғыш
балалар болады, тәрбие үдерісіне оңайлықпен көндікпейтін қиын
балар да кездеседі, ерекше назарды талап ететін шығармашылық
тұлғалар да бар. Әрбір категория тәрбиелеу қиындықтарының
өз деңгейімен ерекшелінеді. Тәрбиенің қиындығы салыстырма-
лы түрде бастапқы деңгейдің өзінен арта бастайды. Дағдарыс
кезеңінде тәрбие әсерінің бұрынғы әдістерінің тиімділігі бол-
майды. Мәселен, мақтау мен жазалаудың сан мәрте сыналған
әдістері әсер етуден қалады, бұрын еліктеген эталондар, идеал-
дар және үлгілер өз құндылығын жоғалтады. Құнсызданудың
психологиялық мәні мен қажеттігіне сәйкес мінез-құлықтың жаңа
үлгілеріне құндылықтардың өзге эталондары мен идеалдарына
бағдарлану қажет.

    Дамудың жағымсыз сипаты. Біріншіден, дағдарыстың
бұл ерекшелігі қызығушылықтардың жоғалуынан туындай-
ды. Бұрынғы мотивтер әсер етпей, іс-әрекеттің, әуестіктер мен
істердің алдыңғы түрлерінің мәні жоғалады. Мәселен, 6-7 жастағы
дағдарыс кезеңінде бала алғаш рет «зеріктім» деген сөз пайда бо-
лады. Ересектерде де 27-30 жастағы дағдарыс кезеңінде өмірге,
серігіне, отбасына, мамандығына деген қызығушылығының
жоғалуы сияқты феноменнің орын алатыны қызық жәйт.
Екіншіден, баланың танымдық қабілеттерінің деңгейі төмендейді
немесе біршама жойылады. Жасөспірімдік кезеңде өмір мәнді де
маңызды оқиғалар мен күйзелістерге қанық болғандықтан, оған
дәл ненің орын алғанын еске түсіру қиынға соғады. Сонымен бірге
бұрынғы қабілеттердің «жоғалуынан» кейін жаңа психологиялық
құрылымдар мен қабілеттер туындап, дамиды.

    Дағдарыс кезеңінде жаңа құрылымдардың пайда болуы. Он-
дай жаңа құрылымдардың ерекшелігі ескісінің жойылып, ор-
нына дамудың жаңа әлеуметтік жағдайының қалыптасуында.
Сондықтан дағдарыс кезеңіндегі жаңа құрылымдар шынайы
жағдайлардан өзгеше мүмкін. Мәселен, автономдығы қалыптаса

                                    145

⇐ МАЗМҰНЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150