Page 146 - index Bapaeva
P. 146

бастаған кезеңде жасөспірім тәуелісіздігі, дербестілігі, ересектігі
үшін күреседі. Жасөспірімнің ондай мінез-құлқының астарында
оның өзін-өзі жаңаша сезінуіне сәйкес келетін, бірақ дағдарыс
кезеңінде мөлшерден тыс көрініс беретін теңдік пен сыйластықты
талап етуіне байланысты «мен – ересек» атты әлеуметтік
санасезімі жасырынған.

     Л. С. Выготский бойынша дәл ескісінің жойылуып, орнына
жаңа құрылымдардың қалыптасуы жас ерекшелік дағдарыстардың
негізгі мәнін құрайды.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Пренаталды дамудың кезеңдеріне сипаттама.
    2. Ж. Пиаже теориясы бойынша ойлаудың дамуында биоло-
гиялық және әлеуметтік факторлардың арақатынасының маңызы.
    3. Л. С. Выготскийдің нәрестенің дамуы ересектермен қарым-
қатынасының нәтижесі деген пікіріне түсінік беру.
    4. Нәрестелік жастың кезеңдеріне психологиялық сипаттама.
    5. Нәрестелік кезеңдегі дағдарыстың сипаты.

    Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)
тақырыптары

    1. Л. С. Выготский еңбектеріндегі жас мәселелері.
    2. Баланың психикалық дамуының заңдылықтары.
    3. Бала дамуындағы сензитивті кезеңдер.
    4. Нәрестенің дамуындағы сенсорлық эталондардың рөлі.
    5. «Жандану кешені» және оның компоненттері.
    6. Л. С. Выготский. «Ойлау және оның балалық шақтағы да-
муы» еңбегіне талдау (Л. С. Выготский. Баланың жас ерекшеліктері
және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Ал-
маты, 1999 ж. 34-52 беттер)

                          Реферат тақырыптары

    1. Ж. Пиаже іліміндегі бала ойлауы мен сөйлеуінің проблема-
сы (Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы «Тай-
мас» баспа үйі, 2005 ж. 1-том. 373-423 беттер).

           146

⇐ МАЗМҰНЫ
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151