Page 171 - index Bapaeva
P. 171

Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар, өскен ор-
тасына, балабақшада болу-болмауына, тұрақтылық жағдайына,
табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы басқа жағдайларға байла-
нысты.

    Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы бала-
лар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық
еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді,
омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық
еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың
психикалық іс-әрекеттері мен жүйке жүйесінің қалыптасуына
үлкен рөл атқарады.

    Жекеленген психикалық үдерістердің қарқынды дамуы
баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде
қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейге
ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын
меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылағыштығы ар-
тып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай ала-
ды.

    Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге ау-
дарады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана
емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға
үйренеді. Ырықты зейіннің дамуында сыртқы әсердің
тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің
дамуы, сондай-ақ оның әлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі
ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алу-
мен байланысты. Бастауыш мектеп кезеңіңде негізгі іс-әрекет
оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үдерісіне өзгеріс
енеді. Іс-әрекет белсенділігін көрсете отырып, ақыл ой еңбегіне
зейін арқылы жүзеге асырады.

    Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үдерісін басқаруды
талап етеді. Мектептегі оқу үдерісінің талаптары мен өзіне тән
мазмұны бұл үдерісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы
беки түседі. Есте сақтау деңгейі есте сақталынатын материалдың
мазмұнына іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және
қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байла-
нысты болады.

    Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау

                                    171

⇐ МАЗМҰНЫ
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176