Page 172 - index Bapaeva
P. 172

мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материа-
лы үнемі оқушыдан елестету үдерісін талап етіп отырады. Есте
сақтау мен елестету баланың күш жігерді керек ететін мотивтерге
байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған
білімдері бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың
ақыл-ой әрекетінің дамуы үдерісінде орындау практикалық
әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен,
практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын
тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі
жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық
әрекетті орындауды үйренеді.

    Оқу үдерісіне ой операциялары да іске асады. Елестету бо-
йынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы
ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму
ерекшелігінде ой қорытындысын жасай алу, себеп салдар анықтау,
түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.

    Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі
ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта ту-
ралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық
қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың
ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

    Бала тілінің дамуының түрткілеріне құрбыларымен, ересек-
термен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес
нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені
эмоциялық тұрғыда жеткізе білу жатады. Бала бойында кездесетін
әртүрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің
коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады.
Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар
ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы
тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере
бастайды.

    Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір
(көркем жазу ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы
ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және ана тілін
еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп
табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады.
Бұл балалар арасындағы әр үйдегі, әр мектептегі жаңа талаптарға
негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке
басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық,

еңбектілік сияқты қасиеттерді ашады.

                                    172

⇐ МАЗМҰНЫ
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177