Page 173 - index Bapaeva
P. 173

Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы:
бір-бірінің, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен
көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы
қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай
алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі
меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.

    Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының
дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттің қалыптасуында. Оқу
іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің
қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер мен қарым-
қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.

    Бастауыш сынып оқушыларының недәуір мүмкіншілігі бар.
Себебі олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде
кездеседі дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде
бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр.
Осыған сүйеніп психологтар қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тап-
сырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін
толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін
толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді.
Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе
оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп,
оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуы ірі
өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға
қарағанда, оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар
оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жа-
сап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып,
жаман жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен мен әуелгі уақытта
мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу
үстінде қиыншылықтар кездеседі: біріншіден, бала мектептің
жағдайына бейімделе алмай қиналады. Осының нәтижесінде тез
болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне
тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға
үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша
жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін
сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр
айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны
білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады.
Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке-шешелеріне

                                    173

⇐ МАЗМҰНЫ
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178