Page 174 - index Bapaeva
P. 174

еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып,
өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

    Үшіншіден, бірінші сынып оқушыларға қойылатын талап-
тар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы
қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды,
оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен мек-
тепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған баланың
қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде
мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға
немқұрайды қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін
баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте
қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың
іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі
жете алмағандықтан, үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тарта-
тын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан
тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы
тиіс. Тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі, қиынырақ келуі
әлдеқайда ұтымды. Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар
баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай
туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші
сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (екінші,
үшінші) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы
бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың
бірнеше объектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын
ажырату керек. Қызығу деп бірнеше объектінің бір жағы сырттай
біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі
де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып
іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты,
не бірнеше нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ
бұл сирек кездеседі. Сондықтан осы мәселеге бірінші сынып-
та мән беруі қажет. Жалпы алғанда, екінші, үшінші сыныптағы
балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі,
біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегі тілінің ұшында
болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және
бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

    Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі
жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп-тамырымен
өзгертеді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде ол енді жаңа

                                    174

⇐ МАЗМҰНЫ
   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179