Page 175 - index Bapaeva
P. 175

тәртіп оқушы осыдан шығатын барлық заңдар мен міндеттерді
иеленеді. Мектеп оқушыларының типтік қалыптасуының
психологиялық ерекшеліктері үшін орта мектеп жасы-
на өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде оқушы
позициясының ішкі қабылдауы жүйелі, бұған біртұтас жүйелі
факторлар себепші болады.

    2. Құрдастарымен және ересектермен қарым-
қатынастарының ерекшеліктері

    Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу – психоло-
гия ғылымының аса мәнді теориялық және практикалық
міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында балалардың қабылдау
мен сезіну мәдениетінің қоғамдық-тарихи тәжірибесіне,
«әлеуметтік меңгеру» үдерісіндегі қарым-қатынасқа ерекше
көңіл бөлінеді (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин).
Сондықтан қоғамның қазіргі заманға лайықты даму сатысын-
да, қоғамның практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында,
қарым-қатынас мәселелерін шешіп алған жөн. Қарым-қатынас
қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің,
іс-әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда
пайда болады. Біріккен іс-әрекет еңбек негізінде, адамдардың
қарым-қатынас қажеттілігі пайда болады.

    А. А. Бодалев, М. И. Лисина, А. А. Леонтьевтердің нақты зерт-
теу жұмыстарының бірқатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің
бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипа-
тын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді.

    А. А. Леонтьев, қарым-қатынас іс-әрекеті – бұл ең алды-
мен сөздік іс-әрекет, өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің
барлығы бар (әрекеттер, операциялар, мотивтер және т.б.) десе,
Б. М. Ломов қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін мойындап,
осы үдерістерді өзара байланыстырмай, адамның әлеуметтік
болмысының екі жағы ретінде, оның өмір салты ретінде
қарастырады.

    Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің
мазмұны, балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен

                                    175

⇐ МАЗМҰНЫ
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180