Page 176 - index Bapaeva
P. 176

детерменделеді (М. И. Лисина, А. Н. Леонтьев). Бастау-
ыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен қарым-
қатынасындағы жетекші мотивтері ретінде іскер және жеке
мотивтері көрінеді. Қарым-қатынас пен жеке тұлғаның даму
мәселелерін зерттеу жұмысы, «қатынас», «өзара қатынас»
ұғымдарын пайдалануды болжайды. В. М. Бехтерев пен А. Ф.
Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-қатынас мәнін ашудағы
орны ерекше. Эксперименттік тұрғыда осы мәселені А. А. Бода-
лев, оқушылардың адами қасиеттерін тәрбиелеу аспектісінде,
Л. И. Божович және Л. С. Славина оқушылардың оқуға
қатынасының мінез-құлық мотивациялары мәселерімен тығыз
байланыста зерттейді. В. Н. Мясищев адамның қатынастары
нақты қажеттіліктерден туындап, тұрақтылыққа жалпылылыққа
ие болады деген. Адамның қатынастары танымдық, еріктік,
эмоционалды компонентердің қатысуымен сипатталады. В. Н.
Мясищевтің пікірі бойынша, адамдардың қатынастары әрбір
нақты жеке тұлғаның мәнін ашатын әрекет ретінде адамның
мінез-құлқын өз бетінше ұйымдастыра алады. Жеке тұлға
құрылымында қатынастардың осылайша абсолюттенуі С. Л.
Рубинштейннің сынына ұшырайды. С. Л. Рубинштейннің ой-
ынша, психологиялықтың негізі қоршаған әлемге қатынасы
арқылы анықталып, адамның басқа адамдармен қатынасын ашуға
бағытталған адам өмірінің шынайы психологиясының өзегін
құрайды. Адамдардың қоршаған ортаға қатынасы – бұл, ең ал-
дымен оның өмірінің жағдайларын құрайтын объективті ақиқатқа
қатынасы. Бірақ адамның тіршілік әрекетінің бірінші міндеті
басқа адам. Бастауыш мектеп кезеңі – бұл «жеке» тұлғаның мәнді
алғышарттарының қалыптасу аралығы. В. В. Давыдов бала
мектепке келісімен оқу үдерісінде жеке тұлғаның теориялық
санасының негіздері жасалатындығын (ғылыми, көркемдік,
адамгершілік) нұсқайды.

    Д. Б. Эльконин бойынша, бастауыш сыныптағы оқушы өзінің
мектептегі жұмысын қоғамдық мәнді, қатаң түрде міндетті іс-
әрекет ретінде қабылдай бастайды да, оның бойында оқудың жаңа
қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды. Б. Г. Ананьев
балалардың мектептегі оқу үдерісі олардың бүкіл өмірін жаңаша
ұйымдастырып, баланың отбасындағы орнын өзгертетіндігіне
ерекше көңіл қояды, өйткені онда отбасынан тыс міндеттер, яғни

                                    176

⇐ МАЗМҰНЫ
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181