Page 177 - index Bapaeva
P. 177

міндетті оқу еңбегі пайда болады. Психологтар бастауыш мек-
теп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы
оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, «оқушының ішкі
позициясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық және
адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын,
мінез-құлық мотивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың
«мектепте оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының
өзгерісі (Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді.
Кеңес дәуірінің психологиясында мотивациялық аумағы өзінше
қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға
белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін
құрайды, әрі түрткілердің әр түрін қамтиды (Л. И. Божович).
Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуы-
на қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды
(Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев). Оқушының мотивациялық аясы
оның эмоционалды-еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне
әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін
өте мәнді фактор ретінде көрінетін «педагогикалық бағамен»
анықталады.

    Осы жастағы оқушылардың қарым-қатынастарының ерекше-
ліктерін сипаттай келе, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б. Эль-
конин балалардың құрдастарымен жақындығына қарамастан
ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып
табылатындығын көрсетеді. Д. Б. Эльконин, «баланың ересек-
термен қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым-қатынасқа
дейін оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады» деген қорытындыға
келеді. Баланың оқу іс-әрекетіне енуі ересектің оқушылардың
өзіндік сана-сезіміне әсер ету мүмкіншілігін ұлғайтады. Осындай
көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың
ересектермен өзара қатынастары бір-біріне қайшы екі тенден-
циямен сипатталады. Бір жағынан, ересектердің талаптары-
на мойынсұну, бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан
өзінің жеке басының дербестілігін, ынтасын, құқығын қорғау
мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда болады. Бас-
тауыш мектеп жасындағы оқушылардың, ересектерге қатысты
тәртіп сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы
балалардың, сана сезімі жаңадан қалыптаса бастайды. Жеке
басының жеткілікті дәрежеде жетілмеу себебінен, балалардың

                                    177

⇐ МАЗМҰНЫ
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182