Page 178 - index Bapaeva
P. 178

ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады. Психологтардың
айтуынша, бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара
қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық
қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ
қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген
бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды. Қарым-
қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану қажетілігін
қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады (М. И. Ли-
сина). Баланың ересектермен қарым-қатынастарының жүйесі
жеке қарым-қатынасының өзі оқу іс-әрекеті арқылы жанамалана-
ды (Д. Б. Эльконин).

    Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі
пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты
орынды иелену ұмтылысы пайда болады. (А. Н. Леоньтев,
Л.И. Божович, И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев). Бастауыш мек-
теп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен
қарым-қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас
шамасындағы балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің
іс-әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа,
жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді
меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік пози-
циясы қалыптасады (Л. И. Божович). Балада мектепке келісімен
оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра ал-
маумен байланысты қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтары
пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға
неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген
қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандай да бір
жағымды мотивациясы қалыптасады. Соңғысы аса мәнді, өйткені
бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне
оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен анықталады.
Баланың жеке тұлғасы оның ересектермен қарым-қатынасында
қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат
мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық да-
муын қамтамасыз етеді (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Ру-
бинштейн, М. И. Лисина). Балада қарым-қатынас қажеттілігінің
пайда болуы оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті
болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың
ересектермен қарым-қатынасы, олардың жеке тұлғасының

                                    178

⇐ МАЗМҰНЫ
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183