Page 179 - index Bapaeva
P. 179

қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады.
Л. С. Славина мен Э. Л. Фрухтың пікірінше, балалардың ере-
сектермен қарым-қатынасының жетіспеуі, олардың бір-бірімен
қарым-қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30-шы жылдардың
өзінде кейбір балалардың теріс мінез-құлықтарының астарын-
да «психикалық витаминдердің», әсіресе ересектер тарапынан
қарым-қатынастың, мейірімнің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген
болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын,
махаббаттан, мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да,
тәні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы
толыққанды дами алмайды, өйткені әлеуметтік дағды тәжірибесі
бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай ал-
майды. (М. И. Лисина, В. С. Мухина, С. Г. Якобсон). Бастауыш
мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табы-
лады. Бала мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның
қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.

    Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген
іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін
міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды.
Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның бойында
мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп,
осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табы-
латын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол
жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқа да танымдық
үдерістерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда
болады.

    Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-
қатынастарының шеңберін кеңейтіп, «Мен-концепциясына»
міндетті түрде әсер етеді.

    Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан
оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған әлеуметтік және
физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз
етеді.

    Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті
түрде терең, әрі әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын
әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады. Адам
өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші сатысы болып та-
былады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның және

                                    179

⇐ МАЗМҰНЫ
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184