Page 199 - index Bapaeva
P. 199

болғандықтан, оның сыртқы нәрселер мен кұбылыстарға әсерленуі
өзіндік әрекеттері мен танымын дамудағы қуатты фактор болып
саналады. Сондықтан баланың дамуын зерттеу үшін оның жан
дүниесінің сырына терең үңілу керек.

    Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын анықтау
үшін олардың сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінше
терең зерттеп, олардан тиісті қорытындылар шығарып отыруды
қажет етеді.

    Дағдарыс жасын мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі
әсерлерінің ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін көрсетеді.
Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін
байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді.
Баланың дағдарыс кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер
бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш және ерке болған сәби аяқ
астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.

    Дағдарыстың ішкі сипатын іздестірген шетелдік
зерттеушілердің басым көпшілігі дағдарыстың ішкі сипа-
тын биологиялық факторлармен түсіндіреді. 13 жастағы бала
дағдарысын түсіндіруде кең тараған теориялардың бірі –
жыныстық жетілуге байланысты. Олардың айтуынша, жыныстық
жағынан баланың жетілуі мінез-құлқының күрт өзгеруіне күшті
ықпал етіп, оның өзімшілдік көзқарасының пайда болуына
себепші болады дейді.

    А. Буземан сияқты авторлар баланың дағдарыска ұшырауын
әлеуметтік ортаның ықпалы деп көрсеткісі келеді. Сол авторлар
баланың дағдарысы түрліше ағысты бастан кешіреді деп дұрыс
атайды. Бірақ Буземан бала дағдарысының таза экзогендік се-
бептерден туындайтын ерекшелік деп емес, әртүрлі тіршілік
ортасының өзгеріс көріністері деп санайды. Дағдарыс кезеңі
тәрбиенің сипатына орай түрліше жағдайда өтетінін тәжірибелер
дәлелдеп отыр. Семьядан бірден балабақшаға келетін балаға
қарағанда, яслиден балабақшаға келетін баланың дағдарысы
мүлдем өзгеше сипатта болады. Баланың дамуында дағдарысқа
ұшырауы үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас
баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдері. Осы
кезеңде бала психикасының дамуында айтарлықтай жаңа са-
палар пайда болып, олар келесі сатыға өту кезеңінде елеулі
қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның салдарынан белгілі

                                    199

⇐ МАЗМҰНЫ
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204