Page 196 - index Bapaeva
P. 196

Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен
психопатологиясындағы күрделі мәселелердің бірі – әрбір
нәрсенің мән-жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мәселенің
мазмұнын ашып көрсету үшін нәрселердің сыртқы әсерін
қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түсінікті бола-
тын сияқты. Адамның сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі
ерекшелік – оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.

    Қабылдайтын әсерлер комплексті түрде ішкі әсерлермен бір
мезгілде ұштасып жатады. Мысалы, мен бірден сағатты көремін.
Адамның сыртқы әсерді қабылдауын миы зақымданған ауру
қабылдауымен салыстыру керек. Ондай ауру адамға сағатты
көрсетсеңіз, оны танығанымен не үшін қажет екенін білмейді. Ол
сағатты көргенімен оның қандай зат екенін айыра алмайды. Егер
сіз сағатты сырқаттың көзінше бұрап немесе оның жүретініне
көз жеткізу үшін құлағыңызға тақап тыңдасаңыз немесе уақытты
білу үшін оған қарасаңыз ауру адам бұл сағат болу керек дейді.
Ол көрген затты сағат деп пайымдайды. Ал біз үшін сағаттың
уақыт өлшеуші құрал екендігі санамызда мықты ұялайды. Соны-
мен қабылдау көрнекі ойлаудан ажыратылмайтын қасиет сияқты.
Көрнекі ойлау үдерісі затты түсінумен қатар жүреді. Егер мен мына
зат сағат десем, содан кейін бұған ешқандай ұксамай мұнарадағы
әлдебір сағатты көріп, оны да сағат деп атасам, онда мен бұл затты
белгілі бір заттар тобына жататын нәрсе деп ұғынамын. Қысқасын
айтқанда, әрбір нәрсенің бейнесін қабылдауда жинақтау сипаты
болады. Сонымен бірге, қабылдау үдерісінің біздің танымымыз бо-
йынша, оның үнемі мағыналық сипатта болып отыратындығына
көзіміз жетеді. Осы орайда қабылдаудың өзіндік талғамалы
болатындығын да атау керек. Мысалы, мен сағатты оның жанын-
да жатқан заттар құрылымында ғана емес, сол сағаттың өзін жеке
зат ретінде қабылдап білемін.

    Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуандым»
«мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің
ызам келіп тұр» деген жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни
ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал үш жастағы сәбидің
басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті жастағы бала
өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде жеті
жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір
ерекшеліктер көріне бастайды.

                                    196

⇐ МАЗМҰНЫ
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201