Page 194 - index Bapaeva
P. 194

Бастауыш кезеңінде ойлауының дамуы екі кезеңнен тұрады.
1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгі жастағы балалардікіне
ұқсас болады, яғни көрнекі-әрекеттік негізде. 3-сыныпқа өткен кез-
де ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды, яғни заттар мен құбылыстар
туралы біржақты пікірлер басым бола бастайды. Бұл кезде әртүрлі
ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну
нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың
қасиеттеріндегі мәнді, маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі
немесе жалпылауға жол ашады.

    Оқу үдерісінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік
қалыптаса бастайды. Оқу процесінде ғылыми түсінікті меңгеруі
теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.

    4. Баланың жеті жастағы дағдарысы

    Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты,
психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге
ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндалған.
Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те ата-
лады. Осы кезеңде баланың ақыл-ойының өсуіне орай қауырт
өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уақытқа
қарағанда, неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл
кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те
атау қиын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.

    Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер
жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, жеті жастағы
бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырыла-
ды. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүниесі
сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде бала алдына мақсат
қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге
асыруы толық жетілмеген. Мектеп жасына дейінгі баланың
дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы мен бірбеткейлігі,
қүрт өзгеретіндігі қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ
оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен қарым-
қатынастарынан анық байқала қоймайды.

    Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер бола-
ды. Бұл кезеңде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер

                                    194

⇐ МАЗМҰНЫ
   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199