Page 203 - index Bapaeva
P. 203

жақын адамның өлімі және т.с.с.) орын алатыны барлығына
мәлім. Ондай жағдайда педагог-психолог баланың мінез-құлқын
бақылау арқылы баланы жарақаттайтын жағдайды мұқият
зерттеп, баланың өзімен, педагогтармен, ата-аналарымен және
құрдастарымен әңгімелесуі тиіс, кей жағдайларда психиканы
жарақаттайтын жағдайға сәйкес арнайы диагностиканы жүргізу
қажет. Кейін педагог-психолог келесі бағыттарда жұмыс жасайды:

    1) баламен (жеке-дара немесе топпен) психотерапияның
элементтерін қамтыған (арттерапия, ертегі терапиясы, психодра-
ма) түзетуші-дамытушы жұмысты жүргізуі тиіс;

    2) педагогтармен ағартушы және кеңес беру-әдістемелік
жұмыс; олармен әртүрлі категориядағы балалармен жұмыс
жасау дағдыларын қалыптастыру жөніндегі топтық тренинг
жүргізу; балаға психологиялық қолдау көрсету жөніндегі педагог-
психологтың, мұғалімдердің, ата-аналардың біріккен іс-әрекетін
жоспарлау;

    3) ата-аналармен ағарту жұмысын жүргізу және кеңес беру;
    4) педагог-психологтың, мұғалімдердің балаға қажет психоло-
гиялық қолдау көрсету жөнінде оның құрдастарымен ағарту
жұмысын жүргізу және кеңес беру (баланың сыныптастарын
психологиялық қолдау көрсетудің әртүрлі әдіс-тәсілдеріне
үйрету);
    5) қажет болса – педагог-психологтың мұғалімдер мен ата-
аналардың балалар дәрігер-мамандарына (невропатолог, пси-
хиатр, логопед және т.с.с.) өтініш білдіру;
    Балаға психологиялық қолдау көрсетудің жетістігі педагог-
психологтың, педагогтардың, ата-аналардың, баланың
сыныптастарының біріккен іс-әрекеттеріне де байланысты бола-
ды.
    Педагогтардың, ата-аналардың, оқушылардың психологиялық
қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсету іскерліктерінің да-
муы мектептегі әрі отбасындағы білім беру және тәрбие
үдерістерінің ізгілендірілуіне ықпал етеді, өскелең ұрпақтың
тек психофизикалық емес, сонымен қатар психологиялық
денсаулығын да нығайтады.
    Психологиялық қолдау өмірлік жолдың әрбір кезеңінде
бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыруға кедергі келтіретін
психологиялық проблемалардың толыққанды шешімін табуынан

                                    203

⇐ МАЗМҰНЫ
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208