Page 201 - index Bapaeva
P. 201

үдерісі психологиялық жарақатқа ұласуы мүмкін. Бастауыш мек-
теп жас шамасындағы оқушы өз күйзелістерін жеткілікті дәрежеде
ұғына алмайды, ол күйзелістің туындауына себепкер болған
факторларды да түсінуге қабілетсіз келеді. Бірінші сыныптың
оқушысы мектептегі қиындықтарға эмоциялық тұрғыда –
мазасыздықпен, қорқынышпен, ренішпен, ашумен жауап береді.
Сол себепті бірінші сыныптағы оқушылардың жаңа өмірге
бейімделуінің күрделі кезеңінде оларға психологиялық көмек пен
қолдаудың көрсетілуі аса маңызды. Осыдан балаға дер кезінде
және сауатты тиімді көмек көрсету үшін оның қиындықтарына,
күйзелістеріне баса назар аудару қажеттігі туындайды.

    Әрбір баланың өзін қаншалықты үйлесімді, эмоциялы
жағымды сезінуіне қарай, оның мектепке, өз-өзіне, айналасындағы
адамдарға қатынасы, сондай-ақ мектептегі жетістіктері де байла-
нысты болады. Осы орайда мектеп табалдырығын енді аттаған
бірінші сынып оқушысына мұғалім мен ата-аналар тарапынан
психологиялық қолдау көрсету, оның мектеп өміріне біртіндеп
бейімделуіне жағымды ықпал етеді.

    А.Д. Андрееваның ойынша «психологиялық қолдау – бұл:
    – ересек баланың өзін-өзі бағалауын нығайту мақсатында
оның жағымды артықшылықтары мен қырларына шоғырланатын;
    – баланың өз қабілеттеріне сенім арта алатын;
    – баланың қателіктерді болдырмауына көмектесетін;
    – баланы сәтсіздіктерде қолдайтын үдеріс» болып табылады.
    Психологиялық қолдау үдерісінде ересектер балаға
педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің едәуір жағымды әдіс-
тәсілдерін қолданып, онымен қарым-қатынастың және өзара
әрекеттестіктің үйреншікті үлгісін өлшейді, оның айналасын-
да жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жағдайын
жасайды. Ол ересектердің бала қылықтарының жағымды
ерекшеліктеріне назар аударып, баланың эмоциялы аумағына
ықпал етіп, оның жағымды күйзелістері мен күйлерін бекітіп,
оның әрекеттерін мақұлдайды.
    Баланы қолдау:
    – оған сенім білдіру;
    – шартсыз қабылдау;
    – оның даралығын мойындау;
    – қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім арту;

                                    201

⇐ МАЗМҰНЫ
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206