Page 200 - index Bapaeva
P. 200

жас кезеңнің ерекшеліктері сапалық өзгерістерге ұшырап, алдағы
жас кезеңіне тән қасиеттердің жасалуына бейімделеді.

    Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам та-
нымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесінде
елеулі құрылымдар пайда болады. Ал баланың дағдарысқа
ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның
психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы
жағдайларға тәуелсіз екеңдігін аңғартады. Яслиден балабақшаға
ауысқан баланың қылығындағы өзгерістер бізді таңдандырады.
Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап
көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің
елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына
көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да
оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.

    Баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын
қозғаушы күш деп санайтын болсақ, онда ортаның әртүрлі жас
кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің
өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санауға бо-
лады. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі
түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекер деуге біздің ешқандай
құқымыз жоқ. Бала дамуында жаңа сапаларды игеріп, сатымен
жоғары өрлеген сияқты болып отырады.

    Баланың қажеттілігі мен ниеттілектерінің өсіп, олардың жасы
өскен сайын түрлі мазмұн-сапаларды игеруі жалпы психикалық
дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріп
отыруы деп түсінген дұрыс. Баланың дамуы оның іс-әрекетіне
орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасы-
на қатынасы десек, соған орай оның санасы да жаңа мазмұнға ие
бола бермек.

    5. Мектепке бейімделу кезеңінде бірінші сынып
оқушыларының эмоциялық дамуын психологиялық қолдау

      Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың көбі мектепке
бейімделу кезеңіндегі қиындықтарға тап келетіні мәлім. Ол жаңа
ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге бейімделуге
байланысты. Әсіресе, оқушы рөліне дайын емес балалар көптеген
қиыншылықтарды кешіреді – олар үшін мектепке бейімделу

                                    200

⇐ МАЗМҰНЫ
   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205