Page 195 - index Bapaeva
P. 195

шығады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеңнен
әлдеқайда күрделі сипатта болады.

    Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен
екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей
қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін
жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас, күлдіргі
қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді,
Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңі болғанымен,
оның төңірегінде оған жете мән бермейді. Мұнда қылжақтау
әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала
мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді, әсіресе өзінің сыртқы
тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді.
Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу
ырғағына қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын бола-
ды. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған
ешкім де таңданбайды. Өйткені мұндай мінез көріністері жеті
жасар балаларға тән ерекшелік екендігі, оның дамуындағы заңды
құбылысқа тән мінез және оның ұяңдықтан ажырап, өзіндік
ерекшеліктері сыртқа шығару белгілері екендігі белгілі.

    Жеті жастағы баланың дағдарысының ең басты көрінісі оның
жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге
ұшырау себептерімен байланысты. Баланың мінезіндегі
дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және
сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет.
Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пай-
да болып, мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі болып
көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық
екендігін атақты актер Ч. Чаплин орындаған рөлден айқын көруге
болады. Ол ересек адамдардың рөлін ойнағанда өзін ерекше
балалық аңғыртықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі
әрекеттерінің сыры да, басты шарты да осында.

    Бала бойындағы аңғалдық мінездің жоғалуы оның есі кіріп,
ақыл-ойының сапалық деңгейге көтеріле бастауы деген сөз.
Мұндай мінез баланың бойына сыналай еніп, оның аңғырт және
өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер тудырады. Сонымен жеті
жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың әр алуан
әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-
жайын түсіне білуге бағдарлап отырады.

                                    195

⇐ МАЗМҰНЫ
   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200