Page 202 - index Bapaeva
P. 202

– тұлғасының жағымды қасиеттерін дамыту;
    – сенімділікке ие болуына көмектесу.
    Психологиялық қолдау адамның жаңа әлеуметтік жағдайларға
бейімделуіне байланысты орын алған қиыншылықтарды
едәуір жылдамырақ және қиыншылықсыз кешіруге,
стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен өзара
тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің психологиялық,
психикалық және физикалық денсаулығын сақтауға көмектеседі.
    Қазіргі заманғы ізгілендіруші парадигма адамның
субъектілігіне назар аударып, психологиялық қолдауды баланың
тұлғалық дамуына ықпал етуі ретінде сипаттап, ересек пен
баланың қарым-қатынастарындағы қолдау механизмдерін: түсіну,
қабылдау, өзін өзгелермен репрезентациялау, өзгелерден өзінің
жалғасын табу және т.с.с. бөліп алуға мүмкіндік беруде (В. А. Пет-
ровский).
    А. Д. Андрееваның ойынша, психологиялық қолдауды
төмендегіше көрсетуге болады:
    – жеке сөздермен («керемет», «жарайсың», «жақсы», «әдемі»,
«жинақы», «Сен мұны өте жақсы орындайсың», «Мен сені
мақтан тұтамын», «Бұл шынымен де жетістік», «Бұл өте күрделі
болғанымен, сенің қолыңнан келетініне сенімдімін»);
    – жанасу арқылы (қолынан ұстау; иығынан қағу; баланың
иегінен ұстап ақырындап көтеру; құшақтау; қолын қатты қысу);
    – біріккен әрекет арқылы (баланың жанына отыру, жанында
тұру; оны тыңдау; бірге ойнау; бірге сурет салу);
    – бет әлпеті арқылы (жымию, көз қысу, бас шұлғу, күлу).
    Сонымен қатар О.А.Кулагина қолдаушы сипаттағы
фразеологизмдерді үш түрге бөлуге болатынын айтады:
    1) белсенді әрекеттерге ынталандырушы («Әрдайым алға!»,
«Ешқашан мойыма!» және т.с.);
    2) болашаққа бағыттаушы («Барлығын басынан бастауға бола-
ды», «Алда жетістіктер әлі көп!» және т.б.);
    3) қалыптасқан жағдайда шыдамдылық пен табандылыққа
шақырушы («Тамшы тасты қайрайды», «Барлығы жақсы болады,
сенің қолынан келеді!», «Бекем бол!» және т.б.).

      Әрбір адамның өмірінде, соның ішінде балада да жан
жайсыздығын тудыратын, психиканы жарақаттаушы жоспар-
дан тыс жағдайлардың (мысалы, даулы жағдаят, қорқыныш,

                                    202

⇐ МАЗМҰНЫ
   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207